Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
310
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
280
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
295
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
350
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
400
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
231
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
261
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
217
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
267
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
259
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
291
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
611
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
470
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
492
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
235
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
236
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
442
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
352
11 медаль!
11:05 24.01.2023
283
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
313
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
302
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
300
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
482
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
357
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
265
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
284
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
294
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
324
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2763
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2662
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2639
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2679
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2597
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2625
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2743
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2601
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2576
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2656
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2612
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2698
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2710
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2681
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2864
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2758
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2830
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2731
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2853
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2973
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2623
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2790
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2847
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2622
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2782
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2659
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2960
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2855
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2853
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2881
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2892
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3107
Қыстың қысымшылығында Екібастұз қаласында орын алған коммуналдық апаттың салдары әлі де сейілер емес. Жыл басынан бері шаһардағы жылу желілерінде 154 ақау шығып, бүгінде оны жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сондай-ақ, көп кешікпей көктем келетінін ескерсек, облыста су тасқынына дайындық шараларына ерте бастан қамдану қажет. Осы және өзге де мәселелер облыс әкімі Асайын Байхановтың төрағалық етуімен өткен аппараттық жиында жан-жақты талқыланды.
Аймақ басшысы алдымен Екібастұз қаласындағы жылу жүйесін жөндеу жұмыстарының барысымен таныс болды. Аталған мәселе бойынша баяндама жасаған кеншілер қаласының әкімі Аян Бейсекин бұл бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатқанын, алайда жылу желілері әбден тозғандықтан, жиі ақаулар анықталатынын алға тартты. Оның айтуынша, тек жыл басынан бері осындай 154 ақау шыққан. Бүгінде оның 131-і жойылып, 23 ақауды жөндеуге бағытталған жұмыстар үздіксіз қолға алынуда.
- Осы ақауларды ары кетсе 7-10 күн аралығында жоямыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қалада 6 жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 4 қазандықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше күннің ішінде тағы да 2-3 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталатын болады. Әзірге жылу жүйесіндегі температура 71,52 градус болып тұр. Сонымен қатар, қала бойынша қосымша бригадалар ұйымдастырылып, 7 учаскеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Аян Бейсекин. Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін қаладағы 26 көппәтерлі үй тұрғындарынан шағымдар келіп түскенін айтты. Бүгінгі таңда бұл үйлердің мекенжайлары анықталып, тең жартысына арнайы комиссия барып, зерттеу жүргізген. Қалған үйлердің мәселесі алдағы 3 күннің ішінде шешіледі деп жоспарлануда.
- Негізінде, аталмыш тұрғын үйлердің салқын болуының басты себебі ішкі жылумен жабдықтау жүйесіне байланысты екені анықталды. Сол себепті бұл мәселені ПИК-термен бірге шешу жолдарын қарастырудамыз. Бұдан басқа 8 үйдің жылумен жабдықтау жүйесін тексеру, 4 үйді құбырға қосу, 1 үйдің жылумен және сумен жабдықтау схемасын өзгерту керектігін анықтадық. Шаһардағы жылу жүйелерінің тозығы әбден жеткендіктен, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді, – дейді Аян Бейсекин. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Екібастұз қаласындағы ахуалды көзімен көріп, істің басы-қасында жүрген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салханов жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатқанын, станцияға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар жеткілікті екенін мәлімдеді. Облыс әкімі басқарма басшысына Екібастұздың коммуналдық жағдайын жіті назарда ұстауды тасырды.
Алқалы жиында, сондай-ақ, аймақтағы жұмыссыздық мәселесін жоюға бағытталған іс-шаралар жайы талқыланды. Бұл жөнінде баяндама жасаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова өңірде жыл сайын жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2022 жылы облыстағы жұмыссыздық 4,7 пайызды, оның ішінде жастардың үлесі 2,6 пайызды құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен көрсеткіш. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр 27 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Атап айтар болсақ, ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында 8 мыңдай адам, ал бос жұмыс орындарына 10 мыңдай адам тартылған.
- Өткен жылы 21 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 60 пайызы - тұрақты жұмыс. Ал биыл 25 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастырамыз деген жоспар бар. Осы бағыттағы іс-шараларды жүйелі жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамтудың өңірлік картасы жасалды. Сол бойынша 201 жоба әзірленді, - дейді Альмира Дисюпова. Сондай-ақ, ол ұлттық жоба бойынша өңірдегі бірнеше басқарма өз міндеттерін толық орындамағанын, яғни, көрсеткіштері төмен екенін айтты.
- Алдағы уақытта аталған кемшіліктерге жол бермеу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы – бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту. Сондықтан бұл іске барлық әкім мен басқарма басшысы тікелей жауапты, - деді Асайын Байханов. Сонымен қатар, ол басқарма басшысына әр ай сайын осы мәселе бойынша есеп беріп отыруды тапсырды.
Елімізде көші-қон саясатын дамытуға баса мән берілуде. Осы мақсатта облысымызға шетелдерден және жұмыс күші көп өңірлерден көшіп келушілерді жаңа ортаға бейімдеу шаралары жүргізілуде. Соған қарамастан, 698 адам қайтадан кері көшіп кеткен.
- Бұл адамдар біздің өңірге бейімделе алмады. Оған көбінесе климаттық жағдайлар, отбасылық мәселелер себеп болды. Сондықтан өздеріне ыңғайлы жаққа көшіп кетті. Оларға төленген субсидия мемлекет қазынасына қайтарылды. Жалпы, 2017 жылдан бері өңірге 14 мыңнан астам адам қоныс аударды. Соның ішінде еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 11,8 мың адам келсе, 2,7 мың қандасымыз шетелден қоныс аударды, - деді Альмира Дисюпова. Оның айтуынша, былтыр қоныс аударушылар мен қандастар квотасына 3098 адам енгізіліп, жоспар 97,1 пайызға орындалған. Осы аталғандардың 46,8 пайызын еңбекке қабілетті жастағы адамдар құрайды. Бүгінде қоныс аударушылардың 76,3 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, 88 адам кәсіпкерлікпен айналысса, 8 адам қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасына, ал 12 азамат оқуға жіберілген. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да сәтті жалғасады деп жоспарлануда. Басқарма басшысының мәліме-тінше, ағымдағы жылы облыста 3773 адамға квота бөлінген. Оның ішінде шеттен келетін қандастар үшін 932, ал өзге өңірлерден қоныс аударушылар үшін 2 841 квота үлестірілмек. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 173 адамға көп. Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысына қоныс аударуды ынталандыру жөніндегі жол картасы әзірленген. Айта кетерлігі, жақында жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік комиссия отырысының хаттамасымен алыс-жақыннан көшіп келушілерді қоныстандыру жөніндегі елдімекендердің тізімі бекітіліп, оған 272 ауыл енді. Облыс әкімі аудан басшыларына қоныс аударып жатқан азаматтардың мәселесіне құлақ түріп, назарда ұстау керектігін қадап айтты.
Қазгидромет мамандарының сөзіне қарағанда, биыл өткен жылмен салыстырғанда қар жамылғысының жоғары көрсеткіші байқалады. Бұл жағдай көктемде су тасқынына себеп болуы ықтимал. Бұдан тұрғындар жапа шекпес үшін алдын ала қамдану қажет. Облыста осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл сұраққа аппараттық жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев жауап берді.
- Алдағы су тасқыны маусымына дайындықты тексеру мақсатында өткен жылдың соңында біздің мамандарымыз облыстық жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттарды жою басқармасымен бірлесіп, Ақтоғай, Баянауыл, Тереңкөл, Шарбақты, Аққулы, Май аудандарына және Екібастұз қаласына барып, жағдайды бақылап қайтты. Тексеру нәтижесі бойынша шалғай елді мекендерде қарды жинау және шығару жұмыстары дұрыс жүргізілмейтіні анықталды. Тіпті, жыл басынан бері қардың нормадан көп жауғанына қарамастан бірқатар өңірде бұл бағыттағы жұмыстар әлі басталмаған (18 қаңтардағы жағдай бойынша), - дейді департамент басшысы. Сондай-ақ, ол өңірдегі ағынды және еріген қар суынан қауіп төнетін елді мекендерді жіпке тізіп, олардың көбінде апаттың алдын алуға арналған іс-шаралар жүргізілмегенін айтты.
- Облыстық бюджет комиссиясы Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылын су басу қаупін жоюға мүмкіндік беретін «Павлодар облысының шекарасындағы Сілеті өзенінің арнасын тазарту, түбін тереңдету, жағалауды нығайту жұмыстары» жобасын қаржыландырудан 2 рет бас тартты. Қазіргі таңда «Ақсу қаласы мен Ақсу кентінде қорғаныш үйіндіні нығайту» бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзімі де аяқталды. Екібастұз өңірінде «Қ.Сәтбаев атындағы каналдың №87 бөгетіндегі №4 су торабын» жөндеу мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Егер бөгетті су жырып кетсе Шиқылдақ ауылы мен Шідерті кентінің елді мекендерін су басу қаупі бар. Қазіргі уақытта «Гидроспецстрой» ЖШС-іне қатысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін сот процестері жүріп жатыр, - деді Жасұлан Жұмашев. Аталған мәселелер де осы бағыттағы іс-шаралардың нәтижелі жүзеге асуына кедергі келтіруде екен. Департамент басшысы бұған қарап, қол қусырып отырмай, дайындық қамына кірісіп жатқанын мәлімдеді. Осы мақсатта 1702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу құралы мен 201 мотопомпа, 27 мың данадан астам қапшық қоры, 6 мың тоннадан астам инертті материал, 65 тонна жанар-жағармай дайындалған. Облыс әкімі тәуекел топқа жататын аудан басшыларына ауылдарды қардан тазарту және су тасқынына дайындық жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Нұржайна ШОДЫР.
Суретті түсірген - Валерий Бугаев.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
310
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
280
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
295
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
350
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
400
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
231
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
261
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
217
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
267
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
259
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
291
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
611
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
470
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
492
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
235
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
236
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
442
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
352
11 медаль!
11:05 24.01.2023
283
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
313
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
303
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
300
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
482
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
357
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
265
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
284
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
294
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
324
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2763
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2662
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2639
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2679
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2597
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2625
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2743
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2601
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2576
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2656
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2612
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2698
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2710
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2681
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2864
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2758
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2830
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2731
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2853
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2973
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2623
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2790
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2847
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2622
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2782
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2659
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2960
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2855
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2853
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2881
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2892
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3107