Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Мәшһүр Жүсіп және  Бекасыл хазірет 02.08.2022

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет

Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстікке сапарын баяндайтын «Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма?!» деген қолжазбасының мәтінін баянауылдық мәшһүртанушы Алтынбек Құрманов 2013 жылдың 27 қарашасында «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған болатын. Аталған қолжазбада Мәшһүр Жүсіп Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен хазірет, ұстаз деп атайды және пір тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты аша түседі, оның «Зикзал»(«Жұлдызнама») атты еңбегін аса құнды туынды деп бағалайды.

Таяуда Алтынбек Құрманов өзінің Иманғали Мәненұлы деген атасынан қалған архивтен Мәшһүр Жүсіптің Бекасыл Биболатұлы туралы «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?» деп аталатын тағы бір естелігін тауып, редакцияға жолдапты. Естелікте Бекасыл Биболатұлының дене тұрқы, ата шежіресі, қасиеті, ұстанымы, үлгілі істері мен қазақ пен қырғыз арасындағы туындаған дауға бітімгершілік жасағаны туралы тың деректер келтірілген. Аталған естелікті Иманғали Мәненұлының 1948 жылы Ташкент қаласы мен Қасқасуға (қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Қасқасу елді мекеніне) сапары туралы әңгімесімен қоса жариялауды жөн көрдік. Ол әңгімеден сол кездегі кеңестік саясаттың ащы табы мен Мәшһүр ұрпақтарының аманатқа адал екені анық сезіліп тұр. Хазіреттің ауылында жұма-қылық (жұма күні өткізілген іс-шаралар-А.Қ.) тірлік болды. Шаршаған жолсоқтыдан арылып, кітап көтеріп, жанымыз жай тауып жатқан күндердің бірінде Алатаудың теріскейіндегі қырғыз жұртынан кісі келді. Хазіретті шақыра келді. Сөздерінің төркіні, жаныстың (Ұлы жүздің дулат руының бір тармағы-А.Қ.) мал баққан кісілері, солардың еккен тары, бидайларына мал түсірді деп, содан жаныстың атқамінер жігіт-желеңдері көкпарға тартқан лақ текедей бақыртып диқан, бағбаны демей сілтеген сойылдың астында қалыпты. Ендігісі бұл қазақтан құн сұрамақшы. Қырғыздың сөз ұстағандары, төрелігін, дұрысын айтар деп, өзгесіне бармай, Бекасыл хазіретке жүгінбекші. Қоқилап, киіз қалпағын милығына баса киетін қалың қырғыздың ортасына Бекасыл хазірет жалғыз барамын деп, мұндағы ағайындары жалғыз жібермейміз деп әуре-сарсаңға түсті. Жарықтық Хазірет болса: «Уа, ағайын, кінә бізден, соғылған сойылдың басы соларға тиді, сабы бізде қалды» деп айтумен болды. Түбіне жетіп сұраса келе, қырғыздарға төбелес қылған жаныстар да, малын егіндеріне түсірген шымырлар (шымыр да дулат руының бір тармағы-А.Қ.) болып шықты. Хазірет жарықтық алыс жолға жүрмекші болып, жылқыда жүрген, есік пен төрдей жирен төбел атын алдырып, таң асыртты. Ертеңінде түс ауа аттанбақшы. Таң атып қалған екен, далаға шықсам, Хазірет кетпенін иығына салып, қалың баудан келеді екен, алдынан шығып, сәлем бердім. Сәлемімді алған соң: «Жүсіп бауырым, мына Қасқасудың бойында ата-бабам жатыр, соларды аттап кетіп қайда барамын. Жаныстың Жантуынан тараған Құдайбердісінің Түгелбай-Данайдан тараған игі жақсылар, басы Түгелбай-Данай болып сонда жатыр. Күніміз жеткенде барар жеріміз», деп айтқан соң, оразамызды ашып, атқа қондық. Қасқасу десе Қасқасу екен, тау бөктерінен құлаған екпіні атты адам былай тұрсын, атан түйеге қауіпті. Өткендерге мұңымызды шағып, мына елдің тірлігіне сөз қылысқан бізді соңымыздан боталы інген қуып жетті де, бізбен қатар жүрді де отырды. Бекасыл хазірет екі алақанын жайып дұға қылды: «Уа, жаратқан Құдай, босқа өткізген, өзің берген күнің болса кешіре гөр. Жолымыз болады екен», деп көз қиығымен боталы інгенді меңзеді. Қабірстан көрінген тұста, аттарды талға байлап, ұрттасаң таңдайдан өтіп, маңдайыңды түсірер мұздай судан жуынып-шайынып, төңіректі қарасақ, бота да жоқ, түйе де жоқ, ғайып болды. Жарықтық Хазіреттің көзіне жас үйіріліп, қалың қорымға бет түзедік. Заманы өтіп, тозығы жеткені бар, бүгін дүниеден өткені бар, қалың бейіттің бір шетіне тізе бүгіп, Құран Кәрімнің бетін аштық. Жатқан қалың аруаққа дұға қылып, бет сипасып, рұқсатын алып, жанымыз бір рахат тауып еді. Жарықтықтың әңгімесі елден ерек, санамызға үлгі. Мұндай адам іздесең табыла ма? Бүгінгінің жұртына таң боласың, қолында барына жақұт еді деп қараулары жоқ, Самарқанның сартын көрсе, соның соңында шұбырып жүргендері. Бұл харекеттерін не дейсің, қазақтың игі жақсылары ажал жетіп өлгендей болса, солардың Әзіреті Сұлтаннан дәмесі болса, қожа нәсіліненбіз деп жүрген жаңағы сарттарың жүз жылқы сұрасын. Міне, дүниені көріңіз не болғанын. Бекасыл хазірет қырғыз арасында бөгелген жоқ. Болған амалдың ақ-қарасын айырды да, ауылына оралды, бос оралмады, бітімді болды. Ғәділ ісіне берген ат-шапан жолын, ағайын араз болмасын деп, шығыны шыққан жаққа тарту етті. Бұл ісі үлгі болмағанда ше, мына елге кім үлгі болар. Есік пен төрдей күрең төбелден басқа ат алып жүре алмас, алып денелі, бойы ұзын, салалы саусақтары, еңбектеген бала түгілі жасы үлкенге көлеңке болғандай ірі. Үстінен ақ киімін тастамайтын, сұрағандар болса: «Ақта қара жоқ, қараға шара жоқ. Шырағым, ішің қандай ақ болса, сыртың да солай болсын, аққа Құдай жақ» деп отырушы еді. Сонша ірі болса да, асқа, тамаққа қомағай емес. Ішетін асының түрі - сүтке қосылған жеміс талқаны, қысырақтың қымызы, ет біткеннен қойдың құйрығын турап, араластырып жатқаны. Қанағатшыл адам. Мәшһүр Жүсіп ашығып қалма-сын деп тапсырған екен. Тәуір деген қызы, ет пен қымызға мені әбден бөктірді, береке дарыған бала ма деп қалдым. Хазіреттің ауылының төңірегіндегі жерден көтерем малды көре алмадым. Міне, малға да, жанға да құт деп осыны айт. Ұрпағы көп жасағыр, шаңырағы-нан адам арылмайды. Ырызды-ғын жаратқан Тәңір Хазіреттің пейіліне берген болар. Біреуді даттап, біреуден сый аласың ба, қолыңда. Жат түгілі, туғанына қимайтын заман болған соң айтамыз да. Хазіреттің ата-бабасы жатқан Қасқасудан Сайрамсу алыс емес, сол Сайрамсуда мың шейіттің қорымы бар. Сонау Алла Тағаланың хақ діні исламды таратқан заманда, намаз үстінде отырған бейбақтар дінсіздердің қолынан қаза болған деседі. Оны да көзбен көрдік. Жолаушының күні Ғәріптің күні деседі. Бұл жерде Сарыарқадағы туғандарының арасында жүргендей күйдесің. Жолаушының мақсаты - көздеген жері. Тәшкен шәрді бетке ұстап шыққан адам жата ала ма? Хазіретті Бекасылдар арамыздан кеткен соң біз сықылды жоқшылар кімге бармақ. 1908 жыл. Түркістан, «Тәшкен сапарым». Бұл жазбаны Иманғали Мәкен баласы 1921 жылы Молда Мәшһүр жазбасынан көшіріп ұсынған. Ұлы Отан соғысы аяқталып, елге оралғаннан кейін ұстаз-мұғалімдік кәсібіме кірістім. 1948 жылы Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданы (бұрынғы Ульяновка) Шалқар ауылында істеймін, бір күні аудан орталығындағы милицияға шақыртты. Ойда дәнеңе жоқ, салт атпен аудан орталығына келдім. Милиция бастығының орынбасары Хамит деген жігіт: «Жолдас Мәненов, жоғарыдан келген нұсқау бойынша отбасы, ағайын туыстарыңыздың қайда оқып, қай жерде істегендері жөнінде анықтамалар керек. Бір айдың ішінде біздің мекемемізге тапсырасыз дейді. Ол заманда Сталиннің бар кезі, орындамасқа лажы жоқ. Өзің білесің, қарындасым Әбиданың Алматыдағы кілем фабрикасының алғашқы директоры болғанын, өзі 1934 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінде жеңіл өнеркәсіп мамандығы бойынша оқығанын жақсы білесіз. Өзің де мұрағат қопарып, жоқ дүниені іздеп бағудасың ғой. Тәшкенге хат жазсам өзбек туғандар жауап бермейді. Содан аудандық оқу бөліміне өтініш жазып, демалыс алдым да, Ташкент, қайдасың деп бір-ақ тарттым. Қарағандыдан пойызға міндім де, Алматыға келдім. Алматыда туыстар баршылық. Әлкей, Шапықтар қызметте. Ол жерде бір қонып, Ташкент бағытындағы пойызға отырдым, межелі уақытында әйтеуір жеттік-ау. Енді университетке барсам мені кіргізбейді. Ананы әкел, мынаны әкел деп. Енді не істеу керек, содан Алматыға телефон шалып, Шапыққа (Шокин) мыналарға хабарлас, көнбесе Қанышқа (Сәтпаев) айт, маған көмек жаса деп, әйтеуір бір парақ қағаз бергіздірді. Өзің білесің, Әбида апаң 30-жылдар соңында дүние салды. Ол заманда өліге де, тіріге де анықтама сұрататын кез. Апаңның күйеуі ҚазССР прокуратурасында жауапты қызметте болып, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, Әбида марқұмға қатысты анықтама қолыма тиген соң Шымкенттің Леңгіріне тарттым. Ондағы ойым молда ата (Мәшhүр Жүсіп-А.Қ.) құрмет тұтқан Бекасыл хазіреттің ауылын, жатқан жерін бір көріп қайту болатын. Ол кісі қасиетті адам ғой. Леңгірге келгенше жолым ақты да отырды. Содан Леңгірде ешкімді танымаймын, көрінген адамнан сұрап, Қасқасу деген ауылға барушы едім, жөн сілтеп жіберсеңіздер деп. Ол күн ешқайда бара алмадым. Ауылдың шетінде бір ақсақал атын арқандап қойған екен, сол адамға мен құдайы қонақ едім деп, жөн сұрасып, сол кісінікіне қонып шықтым. Ол кезде жоқшылықтан арыла қоймаған заман еді ғой. Түнімен әлгі ақсақалмен әңгіме соқтық. Ақсақал: «Қасқасуда кімің бар еді? Онда кімге барасың?», деген соң, шынымды айттым. Солай да солай, мен Бекасыл хазіретті іздеп келе жатыр едім. Сол кісі менің ұстазым Мәшһүр Жүсіптің сыйлас адамы болған еді деп. Жаңағы ақсақалым Бекасыл хазіретке аталас ағайын болып шықты. Маған: «Ой, бауырым, Тәңір жарылқасын, ертең саған ол жаққа баратын көлік іздеймін. Бауырым, есіңде болсын, Қасқасу деген екеу. Орыс Қасқасуы, қазақ Қасқасуы деп аталады. Сен қазақ Қасқасуына барасың», деп, не амал қылатынымды нүктесіне дейін айтып берді. Міне, қартайғанның белгісі ғой, сол ақсақалдың есімін ұмытып қалдым. Сөйтіп, Бекасыл хазіреттің қабірінде болып, дұға бағыштап қайттым. Есімде қалғаны өзеннен өтетін ағаш көпір болатын. Бекасыл хазіреттің ұрпақтары бар, ақсақалмен ақылдасып едім, «шырағым, біреуді біреу көрсеткен заман ғой, шамаң келсе байқарсың» деп ақылын айтып еді. Содан, менің қырсығым тиер деп қорғаладым. Мына кітап - Мәшһүр Жүсіп бабаңа сол кісінің (Бекасыл хазіреттің-А.Қ.) бергені. Мына өзің көшірген әңгімелер де молда атаңнан қалды. Алтынбек, айналайын! Заман түзелер, сен көп жүресің, кім біледі, мүмкін ұрпақтары іздер, біздің жақта өздеріңе қатысты дүниелерді, екшеп теріп алады. Бұл кісі – Оңтүстіктің Мәшһүр Жүсіп бабаң сықылды қадірменді адамы. Аруағы риза болады. Енді саған аманат. Сен өзің аңғалсың, бөтен біреудің қолында кетіп қалып жүрмесін. Саған үш қайыра айтарым, өз ұрпағынан іздеушілер болса ғана бер. Әйтпесе, үйіңде тұра берсін», деп әңгімесін аяқтады.

Әңгімені Торайғыр ауылының тұрғыны, 86 жастағы баянауылдық Иманғали ақсақалдан 1989 жылы 7 қарашада жазып алған - Алтынбек ҚҰРМАНОВ.


Количество показов: 718

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494