Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  518

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай? 22.09.2022

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?

Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылысы, басқа да ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін осы қызметтерді ең төмен бағаға атқарып бере алатын мердігер компаниялар жеңімпаз атанады. Алайда олардың басым бөлігінде жұмыс күші, техника, тіпті кей кездері сол саладағы тәжірибесі болмай жатады. Соның салдарынан жұмыс белгіленген кестеден кешігіп, сапасыз жүргізіледі. Қоғам тарапынан да мемлекеттік конкурс жүйесіне қатысты сын көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолда-уында мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесін жасап, бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасын да басты назарда ұстауды тапсырды. Бұл ретте тағы қандай мәселелерді ескеру керек? Осы сауалды «Алаңның» талқысына салған едік.

Рахманов.jpg 

Нұрғали РАХМАНОВ, «Цифрлық қоғам» қорының директоры (пікір интернеттен алынды):

- Қазіргі уақытта біздің елдегі мемлекеттік сатып алулар жүйесінің басты проблемаларының бірі – электронды мәліметтер базасындағы барлық құжаттың PDF форматта жүктелуі. Бір қарағанда, бұл айтарлықтай өзекті мәселе емес. Әйтсе де, құжаттардың осындай форматта жүктелуі процесті толыққанды автоматтандыруға кедергі келтіреді. Елімізде мемлекеттік сатып алулар бойынша бір жылда миллионнан астам келісімшарт жасалатынын ескерсек, мемлекеттік аудиторлардың ыңғайсыз файлдағы әр құжатты көздің майын тамызып отырып тексеруге шамасы жетпейді. Сондықтан тендерлік құжаттама автоматты түрде оқылатын форматта болуы тиіс. Сол кезде мәліметтерді өңдеу барысында еш негізсіз жоғары болып қойылған бағаларды бірден анықтауға болар еді. Екінші мәселе – бәсекелестікті арттыру. Біздің елде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып шағымдарды қабылдайтын тәуелсіз орган құрған дұрыс. Қазір тапсырыс беруші мекеме мен конкурсты жеңіп алған компания арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдік туындаса, мәселені Қаржы министрлігі немесе сот қарайды. Үшіншіден, бюджеттің қаржысы жұмсалатын маңызды жұмыспен әркім айналыспас үшін мемлекеттік сатып алушы деген мамандықты енгізген тиімді болар еді. Ол үшін арнайы кәсіптік бағдарлама әзірленіп, курстар ұйымдастырылуы керек.

b51b29ca547765971184e2d6d30ee273.jpg

Серік СӘДУАҚАСОВ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, облыстық мәслихат депутаты:

- Меніңше, алдымен мемлекеттік сатып алулар конкурсын жергілікті жерде ұйымдастыру керек. Себебі сол облыс аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметкерлері, техникалары, базасы – барлығы бар. Салық та жергілікті бюджетке түседі. Егер конкурстың бірінші кезеңінде бақ сынауға ниетті компания табылмаса, екінші кезең аясында республикалық деңгейде өткізуге болады. Өкінішке қарай, біздің өңірде ондаған жылдық тәжірибесі бар компаниялар болғанымен, мемлекеттік конкурста жеңімпаз атана бермейді. Өйткені олар ұсынатын бағада жұмысшылардың маусымдық қызметімен қатар, қысқы уақыттағы еңбекақысы есептеледі. Ал сырттан келетін компаниялардың біздің облыста ештеңесі болмайды. Сол себепті де бағаны төмен етіп белгілейді. Конкурсты ұтып алған соң қосалқы мердігер іздеп, шарқ ұрады. Соның салдарынан түрлі қиындықтар туындайды. Демек, мемлекеттік сатып алулар конкурсын жетілдіретін тұста жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беру жағдайын назарға алған жөн. Одан соң әлеуметтік маңызы бар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырған компаниялардың жұмыс кепілдігі мерзімі аяқталғанға дейін банкрот боп жарияланып, кәсіпорынды жоюына жол бермеу керек. «Бір күндік» кейбір компаниялар мемлекет қаржысын қалтасына басып, жұмысты қалай болса солай атқарып, бірден жауып тастайды. Ертеңгі күні шикіліктер шыға қалса, оны жауапқа да тарта алмайсың. Бұл жайтты да ескерген дұрыс.

нұрлан.jpg

Нұрлан ГАРАФИЕВ, жеке кәсіпкер:

- Мемлекеттік сатып алулар конкурсына жеті жыл бойы қатысып келемін. Соңғы жылдары бұл жүйе айтарлықтай жақсарғанымен, кедергілер де кездеседі. Солардың бастысы – ақшаны оңай жолмен табуды көздейтін біліксіз «ойыншылардың» күрт көбеюі. Кейбіреулер тендер арқылы қандай да бір жобаны ұтып алып, қызметі үшін мемлекеттен қаражат алудың еш қиындығы жоқ деп ойлап, жеке кәсіпкерлік ашып, өзіне мүлде бейхабар салаларға «бас сұғады». Мәселен, мектепке қазандық жеткізу туралы мемлекеттік конкурс жарияланса, тапсырыс беруші белгілеген техникалық талаптарға, құралды жеткізу мерзіміне қарамастан, ең төмен бағаны ұсынады. Ал арзанға сапалы дүние алу, оны жеткізу, орнату оңай емес. Яғни, мемлекеттік сатып алулар конкурсына саланы бес саусақтай білетін, тиісті заңнамалық ережелерден хабары бар, біліктілігі жоғары кәсіпкерлер ғана қатысқан дұрыс деп ойлаймын. Бұл ретте тапсырыс берушілерге қатысты талаптарды да күшейтіп, олардың ісін мықты бақылауға алған артық болмайды. Мәселен, кейбір мемлекеттік мекемелер техникалық талапты нақты бір кәсіпорынға арнап белгілейді. Сөйтіп, басқа кәсіпкерлердің жеңуіне мүмкіндік қалмай қалады. Қызмет, тауар үшін төленуі тиіс ақыны келісімшартта көрсетілген мерзімнен кешіктіріп аударатын мекемелер да бар. Сондықтан жүйені жетілдіретін тұста кәсіпкерлермен қатар, тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды назарға алған жөн.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 77

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  171

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  518

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494