МИБ-тің қандай артықшылығы бар?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

МИБ-тің қандай  артықшылығы бар? 26.07.2022

МИБ-тің қандай артықшылығы бар?

Елімізде меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе қарапайым серіктестік (ҚС) құру жөнінде әңгіме 2020 жылдың басында басталған еді. Көпшілік ұйымдар оның жай-жапсарын зерттеп, зерделеп, бірқатары осы бірлестікті құруға дендеп назар аударған-ды. ПИК-тер (пәтер иелері бірлестігі) 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысын тоқтатады делінген. Дегенмен кондоминиум нысанын басқарудың жаңа түріне көшу 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылатын болды. Осы орайда, аталмыш тақырыпта «Saryarqa samaly»-ның Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырдық. Тікелей желі қонағы - Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы баяндап берді.    

IMG_9330.JPG

- Бүгінгі таңда қанша тұрғын үй ПИК-тен жаңа құрылымға ауысып үлгерді?

- Облыс бойынша 2457 көппәтерлі тұрғын үйлердің 2211-і МИБ немесе қарапайым серіктестік құруға жатады. Бүгінгі таңда олардың 60 пайызы басқарудың жаңа формасына тіркелген. Жалпы, 2020 жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгені мәлім. Заңның 42-бабына сәйкес кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұрғын үйді басқарудың жаңа формасын тандауға міндеттеледі. Бұл заң ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асуы тиіс еді. Бірақ, жақында Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары осы заң жобасын кезекті талқылау кезінде тағы да бір-екі ұсыныс енгізді. Мәжілісмендер бұл өзгеріске келісіп отыр. Мұны сенаторлар еліміздегі көптеген көпқабатты үйлердің тұрғындары аталған МИБ (меншік иелері бірлестігі) басқару түріне көшіп үлгере алмай жатуымен түсіндіреді. Сондықтан құжат аталған ұсыныстарды енгізу үшін Мәжіліске қайта қайтарылды.

- МИБ-ке көшу тағы бір жылға шегерілді. Осы уақыт аралығында тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына толық көшіп үлгереміз бе?

- Бүгінгі таңда облыс орта-лығындағы тұрғын үйлердің 60 пайызы үйді басқарудың жаңа формасын тандады. Бір жылдың ішінде тұрғын үйлердің қалған 40 пайызы ПИК-тен МИБ-ке не болмаса қарапайым серіктестікке ауысуы тиіс. Осы уақыт аралығында тұрғын үйлердің меншік иелері жиналыстар өткізіп, тұрғындар арасынан төраға сайлап, құжаттарын рәсімдеуі тиіс. Қаладағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өз араларында дүркін-дүркін жиналыс өткізіп, бүгінгі таңда бір тоқтамға келуде. Алайда, барлық үйлер басқару нысанын таңдап үлгермеді. Сол себепті тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Егер тұрғындар көрсетілген мерзімге дейін басқару нысанын анықтай алмаса, олардың үйі басқарушысыз қалуы мүмкін. Тиісінше, бұл жалпы үй мүлкінің лайықсыз ұсталуына, жылу беру маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындаудың мүмкін болмауына әкеледі. Осыған байланысты, облыс тұрғындарын ПИК-тен басқарудың жаңа нысандарына көшу рәсімін белгіленген мерзімде аяқтауға шақырамыз. Тұрғындар тіркеу рәсімі туралы кеңес алу үшін, қажетті үлгілік құжаттардың толық пакетін иелене отырып, тұрғын үй инспекциясының қалалық бөлімдеріне жүгіне алады.

- Тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін басқармадан арнайы бригада жұмылдырылды ма? Ақпараттандыру қалай жүзеге асуда?

- Біздің басқармадан арнайы мамандар жұмылдырылып, тұрғын-дармен күніне екі-үш мәрте жиналыс өткізеді. Алдымен мамандар тұрғын үйлердің белсенді топтарымен кездесіп, ақпараттық-түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Жиналыс барысында тұрғындарға үй кеңесі басқарушысын немесе басқарушы компанияны таңдау туралы, күнтізбелік бір жыл мерзімге кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтер көрсетуге шарт жасасу туралы мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, пәтер иелері тұрғын үйдің жаңа басқару нысанын тіркеу үшін қандай құжаттар қажет екені туралы ақпараттандырылды.

- ПИК-тердің көбі ЖШС немесе жеке кәсіпкерлікке өтуде. Көп үйдегі жөндеу жұмыстарына сол ПИК мүшелері жұмылдырылмақ. Осыған тоқтала кетсеңіз...

- ПИК сервистік ұйымға айналады. Бұрын ПИК бірнеше ондаған үйлерге қызмет көрсететін. Сондай-ақ, олар тұрғындардан жиналған қаражатты ұстауға бір ғана есепшот ашатын еді. Бұл пәтер иелеріне қаражаттың мақсатты пайдалануын қадағалауға мүмкіндік бермейді. Мұның бәрі біртіндеп тұрғын үй қорының нашарлауына және тұрғындардың наразылығына әкелді. Ендігі кезекте меншік иелері, яғни тұрғындардың өздері тапсырыс беруші рөлін атқарады. Осылайша тұрғындар сервистік ұйымдарды тартып, мердігерлермен, коммуналдық қызметтермен шарттар жасасады. Орындалған жұмыстардың көлемі мен түрлерін және қаражаттың нақты кондоминиум объектісі бойынша жұмсалуын бақылайтын болады. Бұл қағида «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» деп аталады. Басқарудың жаңа формалары ПИК-тен осымен ерекшеленеді. Ал ПИК тек қызмет көрсететін жеке меншік ұйымға айналуы керек. Егер де ПИК өз еркімен жойылу бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда олар тұрғын үй инспекциясының бастамасы бойынша сот тәртібімен жойылады. Сол себепті ПИК төрағалары өздерінің бұрынғы тұрғын үйлеріне қызмет көрсетуді жалғастырғысы келсе, сервистік ұйымға айналуы қажет.

- МИБ пен ҚС-тің айырма-шылығын айта кетсеңіз...

- ҚР Индустрия және инфра-құрылымдық даму министрлігінің ұсынымдарына сәйкес қарапайым серіктестіктер (ҚС) құруға пәтерлер саны 30-дан аспайтын көппәтерлі тұрғын үйлер жатады. 30 немесе одан да көп пәтерлерден МИБ басқару формасын таңдау ұсынылады. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 пәтерге дейінгі көппәтерлі тұрғын үйлерде басқарудың жаңа формаларын құру мүмкін емес. Себебі, МИБ-ті тіркеу немесе қарапайым серіктестік құру үшін 5 меншік иесі қажет. МИБ – бұл жарғыға сәйкес әрекет ететін коммерциялық емес ұйым. Яғни, заңды тұлға болып табылады. Ол әділет департаментінен тіркеуден өтеді. Мұнда тұрғындар арасында дауыс бергендер саны 50 пайыздан кем болмауы керек. Сондай-ақ, тұрғындардың кемінде 26 пайызының келісімі қажет. Қарапайым серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Ол бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет етеді. МИБ-ті сайланған төраға, ал қарапайым серіктестікті сенімді тұлға басқарады. МИБ-ті тіркеу жұмыстары халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады. Тіркеу үшін өтініш, хаттама, МИБ жарғысын және 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Тіркеу 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

- МИБ төрағасы немесе қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғасы жалақы алуға құқылы ма?

- МИБ төрағасына, қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғасына жалақы меншік иелерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Төлем мөлшерін таңдау кезінде мемлекет бекіткен ең төменгі жалақыны ескеру қажет. Ол бүгінгі күні
60 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, МИБ төрағалары немесе қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғалары өз бастамасы бойынша үйді ерікті негізде, жалақысыз басқаруға ниет (білдіретін жағдайлар бар.

Нұрлан, қала тұрғыны:

- МИБ немесе қарапайым серіктестік құру үшін қандай құжаттар қажет?

- Қарапайым серіктестік құрылған жағдайда барлық меншік иелері қарапайым жазбаша сенімхаттар береді және бірлескен қызмет туралы шарт жасасады. Қарапайым серіктестіктің ағымдағы және жинақ шоттарын ашу үшін сенімді тұлғаның жеке куәлігі, құрылтай құжаты, бірлескен қызмет туралы шарт, жалпы жиналыстың хаттамасы қажет. МИБ құру үшін төрағасының жеке куәлігі, құрылтай құжаты, жарғы, жалпы жиналыстың хаттамасы мен МИБ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама қағазы керек. Сондай-ақ, МИБ төрағалары үшін заңнамада салық міндеттемелері қарастырылған.

- Тұрғындар арасында МИБ пен қарапайым серіктестікке көшуге құлықсыздық танытып жатқандар да бар шығар. Бұған қоса ПИК төрағалары өз жұмыстарын оңай бере қоймас. Жұмыс барысында тұрғындармен түсініспеушіліктер орын алып жата ма?

- Әрине. Бұл жаңа заң болғасын, тұрғындардың бұған қатысты сұрақтары көп. Меншік иелерінің бірлестіктерін құру үшін жалпы жиналысқа немесе сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбінің келісімі қажет екенін есте ұстаған жөн. Ал қарапайым серіктестік құру үшін үй тұрғындарының 100 пайыз келісімі қажет. Міне, бұл ретте тұрғындар арасында дау басталып, түсініспеушіліктер орын алып жатады. Себебі, кейбір тұрғындар өз араларынан төраға сайлауға асығар емес. Сондай-ақ, ай сайынғы төлемнің жарнасын бекіту де тұрғындар үшін үлкен мәселе тудырып отыр. Негізінен, жиналған қаражатты үйдің кеңесі бақылайды, ал барлық бақылау мен мониторинг тұрғындарға қалатынын ұмытпаған абзал.

Түйін:

Бүгінгі таңда Павлодарда 1262 көпқабатты тұрғын үй болса, олардың 70-і тозған. Демек, енді тұрғындар тұрғын үйлердің жағдайын өздері ретке келтіреді. Қалада тұрғын үй тарифтерінің 18-21 теңге (шаршы метр үшін) деңгейінде тұрғанына 10 жылдай болды. Оның жартысы үйдің қажеттіліктеріне, екінші жартысы әкімшілік қажеттіліктерге 50/50 есебінде жұмсалғанын ескеру керек. Әрбір үйдің жағдайына қарай тарифтер де әртүрлі болады деп күтілуде. Жергілікті тұрғындар 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін әлі уақытымыз бар деп жүр. Бұл - қате пікір. Ол - ПИК-тердің жойылуына берілген уақыт. Егер келер жылдың 1 шілдесіне дейін үйлерде қарапайым серіктестік (ҚС) немесе МИБ ретіндегі заңды тұлға құрылмаған жағдайда ондай үйге қызмет көрсетілмейді.

 

«Онлайн желіні» жүргізген - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.


Количество показов: 1708

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494