Өнердегі бағамызды көрермен береді

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  171

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  518

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Өнердегі бағамызды  көрермен береді 22.09.2022

Өнердегі бағамызды көрермен береді

Арман Темірбекұлы – облысымыздың мәдениетінің қарашаңырағы облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының басшысы. Бүгінде отыз жылдан астам тарихы бар өнер ордасының өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ұжымы бірқатар шығармашылық табыстарға бөленіп келеді. Соңғы жылдары қойылып жатқан жаңа спектакльдердің де өз айтары бар. Осы орайда театрдың тізгінін ұстаған Арман Темірбекпен сұхбаттасып, алдағы жоспарлар, көркемдік ойлар туралы білуді жөн көрдік.

IMG_9752.JPG

- Арман Темірбекұлы, Сіздің мынау қарашаңырақ театрымыздың басшылығына келгелі де бірнеше жылдың жүзі болды. Дегенмен бұл уақыт көрермендердің келуін шектеген карантиндік шектеулер енгізілген, яғни сынақты мерзім болды десек, артық айтқандық емес. Бүгінде қаншалықты жаңаша леппен қайта қауышып, өңір жұртшылығына қандай игілікті істеріңізбен танылып келесіздер?

- Қазіргі қызметіме келгелі 4 жылдан асты. Бұл уақыт ішінде театрымыз бұрынғы дәстүрін сақтай отыра, заман көшіне ілесіп, біраз белестерге жетті деуге болады. Бұрын да Павлодар өңірінің шығармашылық қауымымен араласып жүретін едік. 2018 жылы осы өнер ордасының тізгінін ұстау бақыты бұйырды. Өзімнің негізгі мамандығым – драма актері-әртіс. Алматының Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегімін. Театр деген - қызығы мен қиындығы мүлдем бөлек әлем. Әуелде Кереку жерінде мүмкін бір жыл қызмет етермін деп ойлағам. Бірақ жағдай басқаша өрілді. Оған еш өкініш жоқ, біраз алға қойған жоспарларымыз бар.

- Бұған дейін осындай ұжымға басшылық етуде тәжірибеңіз болып па еді?

- 2007 жылы Өнер академиясын тәмамдаған бетте әр облыстан кадр іздеп ағаларым келуші еді. Маған да көптеген өнер ордасынан ұсыныс түсті. Ол кезде жас болдық, кейін ойланып қарасақ, осы ретте жастықпен асылық көрсетіппіз. Мына бір оқиғаны айтайын. Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы жастар және балалар театрының басшысы Талғат Теменов ағамыз мені оқудан соң бірден жұмысқа қабылдайтын болды. Бірақ мен бармай, бір жыл жүріп қалдым. Оның себебін айтайын, мен телевидение саласына шақырту алған едім. Бір жылдан кейін қызыл дипломымды алып барсам, Талғат ағам «есікті ар жағынан жап, мен сені былтыр тамызда шақырып едім ғой» дегені есімде. Содан телевидение саласына қайттым. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы-ның ұйымдастырушылары құрамында болып 7 жылдай қызмет істедім. Алматы қалалық Оқушылар сарайында басшылық қызметте болдым. Арасында аутсорсингтік, продюсерлік қызметтерде жүрдім. Біраз уақытым осылай өтті. Дегенмен әр уақытта театрға оралу туралы ойым іште жүрді. Соңында міне, ағаларымның кеңесімен Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрдың тізгінін ұстадым. Бұл өнер шаңырағы - тарихы терең, талай тарлан аға-апаларымыз еңбек еткен киелі сахна. Осы жерде жүріп бірқатар жобаларды іске асырып жатырмыз. Олардың сәтті шығуын көрермен өздері бағалап жатыр деп ойлаймын.

- Бойыңызға осы өнерге жақындық қашан пайда болды?

- Мектепте оқып жүргенде сахнада қойылымдар жасауға араласып жүрдім. Ол кезде «Драма актері» деген мамандық барын тіпті де білмейді екенмін. Оқушы болып жүргенімде үнемі мерекелік, мәдени шараларда әртүрлі образдарды сомдап, өнерге қызығушылығым көрінді. Нақты шешімді қабылдауыма әкемнің сөзі себеп болды. Жоғары сыныпты бітіруге жақындағанда ол: «Балам, актерлік оқуға түссең» деген тілегін айтты. Себебі ол өзі де, әпкесі де - өнерге жақын адамдар. Әпкесі актриса, өзі музыкант еді. Бірақ әкем басқа салада еңбек етті. Содан әкемнің ақылымен театр оқуына баруға бел будым. Ол кезде экранда Бауыржан-шоу, Құдайберген Сұлтанбаевтардың қойылымдары халықтың ерекше қызығушылығына ие болған еді. Біз де солардай көрермен алдында белгілі болсақ деп армандадық. 2003 жылы осындай оймен құжат тапсырып, емтиханға бардық. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев ағамыз сынақ қабылдады, жанында танымал актер оқытушы Тасболат Омаров ағамыз бар. Екеуі де - театрда елеулі рольдерді ойнаған, киноларға түскен белглі актерлер. Сол кісілер қабылдап, 25 бала театр факультетінің театр және кино актері мамандығына қабылдандық. Сөйтіп, білім алуға кірістік. Әуелде кураторымыз Бекболат Құрманғожаев болса, кейін ол ағамыздың Астанаға қоныс аударуына байланысты біздің топтың басшысы Тасболат ағамыз болды. 2005-2006 жылы «Тамашаның» тарланы Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз дәріс оқуға келді. Солардың шеберханасынан шыңдалып шықтық десем болады. Олар бізге баласындай қарады. Өкінішке қарай, 25 студенттің арасынан 15-16-сы ғана Өнер академиясын бітірді. Онда да театр саласында қызмет етіп жүргені екі адам ғанамыз. Анар деген группаласым Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрында еңбек етіп жүр. Бүгінде Павлодар өңіріне бауыр басып, көптен бергі тұрғынындай болып кеттік. Еңбек демалысына шығып, Алматыға барғанымда Павлодар жеріне үйреніп қалғанымды аңғардым.

- Жүсіпбек Аймауытов атын-дағы театр – Павлодар облысының маңдайалды өнер ошағы. Әрі оның тарихы да Тәуелсіздікпен тамырлас. Осындай өнер ордасына жетекшілік ету қосымша жауапкершілік болар...

- Бұл өнер ошағының тарихымен таныспыз. 30 жылдық белесінде алған асулары биік. Кезінде әйгілі режиссер Ерсайын Тәпенов ағамыз Өнер академиясына келіп, бізді актер болып жұмыс істеуге шақырғаны есімде. Ақыры жол осылай әкелді. Театрдың ұжымының еңбектегі табыстары да елеулі. Әлемдік классикаға жататын, отандық драматургиядағы үздік қойылымдарды сахналап, биіктен танылды. Бүгінде осы жолды жалғастырып келеміз. Облыстық театрымыз ешқашан өзгелерден кейін болмаған. Респуб-лика көлемінде алып қарасақ та өзіндік асулары бар. Көптеген фестивальдердің жүлдегері, актерлеріміздің де таланттары жағынан мойындалуы басым. Нұр-Сұлтан қаласындағы театрлардан қойылымдары жағынан алға ұзап кеткен өнер ұжымдары бар. Біз де солардың қатарынан көрінгіміз келеді. Бұл үшін кәсібилігімізді жетілдіре түсуге дайынбыз. Көрермендерге жаңаша премьералар ұсынамыз. Бәлкім, қаражаттың аздығына байланысты сахна декорациясы, актерлердің киімдерінің сапасы жағынан әлсіздеу болуымыз мүмкін. Бұл енді кәсіби мүмкіндігімізге қатысты емес.

- Өзге де облыстардың театрла-рының аяқ алысын бақылап, бағдарлап отырасыздар ма? Алыс-беріс, гастрольдік сапарлармен қатынау жағдайы қалай?

- Әрине, төңіректегі театрлардың репертуарын, ұсынып жатқан қойылымдарын қарап, өізмізше салыстырып отырамыз. Бұл шығармашылық өсуімізге аса қажет. Мысалға, әртүрлі фестивальдерге қаты-самыз. Әртістердің мұндай фестивальдерге қатысуы кәсібилік өсуі жағынан аса пайдалы. Ондайлардан қалмауға тырысу керек. Әрине, барлығына қатысу алдымен талабына сәйкестіктен шығады. Мысалға, қазір Астанада Әзірбайжан Мәмбетовтің атындағы фестиваль өтейін деп жатыр. Ондағы талап – театрлардың қойылымдары Ә.Мәмбетовтің өзі қойған спектакльдерінен болуы керек. Сол сияқты, Әбіш Кекілбаев атындағы фестиваль Ақтауда дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Онда ұлы жазушының аудармалары, шығармаларының негізінде спектакль апару керек. Фестивальдердің осындай талаптары болады. Оларға сәйкес келуіміз, қатыса алуымыз – ұйымдастырушылар тарапынан құрылған көркемдік кеңестің шешіміне орай болады. Барынша қатысуға тырысамыз. Гастроль, фестиваль деген өнер ұжымының алға басуына оң әсер етеді. Соңғы рет пандемияның алдында, 2019 жылы Алматы қаласына өнер сапарымен барып, спек-такльдерімізді ұсындық. Сөйтсек Павлодар облыстық театры оңтүстік астанаға бұдан 22 жыл бұрын барған екен. Алматылықтар апарған қойы-лымдарымызды жылы қабылдады. Мәдени астанада сыншылар шоғыр-ланған, яғни оған барудың жауапкершілігі жоғары. Өзіміздің дәрежемізді сынайық деп, аяқасты Алатау баурайына сапар шегіп қайттық. Өз қаза-нымызда қашанғы қайнай береміз, сыртқа шығып қайтсақ, бабымыз келісіп, жетілуімізге себепші болады деген ойды әркез ұстанамыз. Осы күнге дейін облыстың барлық дерлік аудандарына шығып, жергілікті жұртшылыққа өнерімізді көрсетіп келеміз. 2019 жылы Әмина Өмірзақова апамыздың 100 жылдығына арналған фестивальге қатыстық. Қазылар алқасының құрамында өнер саңлақтары Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешева апайымыз, театр сыншыларынан Бақыт Кәкей, Анар Еркебай болды. Фестиваль аясында ұлы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты шығармасы негізінде қойылым сахналадық. Көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, театрымыздың режиссері Ж.Садықов «Үміт» номинациясын жеңіп алды, актер Әнуарбек Ақсұлтан «Көрермен көзайымы» атанды. Осы бағыттағы сапарларымыз алдағы уақытта жалғасын таба береді. Міне, кеше ғана ашылған жаңа маусымда, яғни қыркүйектің 18-24-і күндері аралығында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларына шығармашылық сапармен барамыз.

- Облыстық театрдың сахнасына осыдан 30 жылдай бұрын келген аға буынның, данышпан Абай айтқандай, алдыңғы толқынның соңынан ілесіп жастар келуде. Солардың әлеуеті туралы не айтасыз? Жалпы, театрдың кәсіби-шығармашылық өсуі бағытында тағы қандай ойларыңыз бар?

- Бүгінде театрымыздың өнер саласының майталмандары Сейітжан, Жұмахан, Бейбіт Шәнім секілді ағаларымыз, Дина, Талжібек, Бахаргүл, Қарлығаш әпкелеріміз еңбек етіп келеді. Олардың қабілеті деген - шексіз әлем. Мен кейде айтамын: Сіздерді қазіргі киноиндустрия саласына ұсыну керек. Әйтпесе, осы күнгі кинофильмдерді көрсеңіз, сол айналдырған 4-5 актерді түсіреді. Жастар тобында да сол бір бейнелер, «ақсақалдар да» - таныс актерлер, «апаларымыз да» - бұрыннан танымал актрисалар. Ал біздің театрдағы ағаларымыз - жаңа түр, жаңа келбет. Сондықтан елдегі кинорежиссерлер неге облыстық театрлардан актерлерді іріктеп алмайтынына таңданамын. Мысалға, ауылдың кейіпкерлеріне, образдарына осы ағаларымыз қандай таптырмайтын келбеттер болар еді. Олар нағыз бабында. Осыны пайдалана білу керек. Жастар жағы солардан үлгі алып өседі. Әрине, әлеуметтік мәселелер бар. Оларды шешіп алсақ, маман тарту мәселесі күн тәртібінен түсетін еді. Биыл жас мамандарға соншалық қажеттілік жоқ, Былтыр жұмысқа 3 жігіт, 3 қыз алдық, дегенмен екеуі кетіп қалды. Жалпы, барлық облыстарда маман жетіспеушілігі бар екен. Көпшілігі астанада қалуға тырысады, ол жақта танымал болу мүмкіндігі жоғары. Бізге өкінішке орай аз уақыт аялдайды, тәжірибе жинап алған соң орталыққа қоныс аударады. Сол себепті, актерлерді 1-2 бөлмелі баспанамен уақытылы болса да қамту сияқты тұрмыстық жағдай жасап шақырсақ деп ойлаймын. Бұл ұсынысты жоғары жаққа айтып та жатырмыз. Актерлерден бөлек, жарық қоюшы, декорациямен айналысатын, техникалық мамандық иелері де қажет. Бізде үш режиссер бар, үшеуі де - қайраткер Жанат Хаджиевтің шәкірттері. Кейбір өнер ордасында режиссерлер де жеткіліксіз. Келгелі 2-3 режиссерді сырттан шақыртып, спектакль қойғыздым. Ол да өнерде өсу үшін керек. Бірақ қаламақысы өте жоғары. Жалпы, алдағы уақытта Павлодар өңірінде театрлар фестивалін өткізсем деген арманым бар. Жыл сайын осы бағытта қаржы бөлуді сұраймын. Бұл - республиканың әр түкпіріндегі өнер ұжымдарын жинап, назарымызды біздің облысқа аударудың бір жолы да. Осы ретте, қандай атақты театр сыншылары, театр актерлері мен режиссерлері келер еді. Бұл атағымызды көтерер еді. Тағы бір ойым, премьералар апталығын өткізіп, республикаға белгілі сыншыларды шақыру еді. Олардың театрымыздың мүмкіндігін бағалап, өзіндік сын-пікір айтатын еді. Мұның барлығы - көңілде сайрап, тереңнен орын алған идеялар. Іске асуы біраз мүмкіндіктерді қажет етеді. Бұйыртса осыларды жүзеге асырсам деймін. Басты мақсатым – облыстық театрдың кәсібилігін арттыру. Осы бағытта ұжымның әрбір мүшесіне сенім білдіремін. Бұл біздің қолымыздан келеді.

- Әңгімеңізге рахмет. Өңірдің өнер қарашаңырағына шығармашылық өрлеу тілейміз!

Сұхбаттасқан – Нұрбол Жайықбаев.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

 

 


Количество показов: 76

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  178

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  174

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  171

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  183

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  177

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  401

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  501

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  496

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  518

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  487

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  489

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494