Ортада тағы – орамал тақырыбы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  138

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  156

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  136

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  178

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  164

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  137

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  182

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  154

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  156

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  224

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  290

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  220

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  237

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  243

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  212

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  225

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  205

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  227

Алтын аға
10:30 04.08.2022  252

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  273

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  297

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  440

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  279

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  308

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  295

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  291

Кәсіптік бағдар береді
09:43 02.08.2022  288

Ашаршылық - айтылмаған ақиқат
09:42 02.08.2022  303

Суретшіні еске алды
09:41 02.08.2022  302

Алдағы қысқа әзірлік қалай?
09:38 02.08.2022  339

Сарыарқа самалы, 2 тамыз, сейсенбі
09:19 02.08.2022  349

Суда сақтық керек
09:07 30.07.2022  392

Желтоқсан көтерілісі: беймәлім деректер
09:06 30.07.2022  494

Сарыарқа самалы, 30 шілде, сенбі
09:00 30.07.2022  412

Усолкада экосаябақ құрылады
08:59 30.07.2022  392

Отбасы картасының пайдасы қандай?
08:57 30.07.2022  394

Шорман биге белгітас қойылды
08:54 30.07.2022  392

Өресі биік азамат
08:51 30.07.2022  413

Заманға сай жаңа зауыт
08:48 30.07.2022  390

Ауыл халқының табысы артады
10:17 28.07.2022  523

Рахметолла хазірет
10:15 28.07.2022  511

Ән мәтінін қалай дұрыстаймыз?
10:11 28.07.2022  496

Қат тауарға айналған қант
10:08 28.07.2022  503

Қауіпсіздік - басты бағыт
10:05 28.07.2022  510

Сары бәйбіше ұстаған жауырын
10:03 28.07.2022  500

Көздеген меже - салымшы мүддесі
09:57 28.07.2022  542

Сарыарқа самалы, 28 шілде, бейсенбі
09:11 28.07.2022  512

Үкімет басшысының орынбасары өңірімізге келді
19:14 26.07.2022  594

Жол жөндеуде үйлесім жоқ
10:23 26.07.2022  584

Тұрғындар мәселесі – билік назарында
10:21 26.07.2022  606

Ленин орденін алған
10:19 26.07.2022  567

Облыс орталығында фермерлік базар ашылады
10:17 26.07.2022  558

Тағдырын театрмен тоғыстырған таутұлға
10:14 26.07.2022  583

Айыппұл салынды
10:12 26.07.2022  577

МИБ-тің қандай артықшылығы бар?
10:09 26.07.2022  576

Сарыарқа самалы, 26 шілде, сейсенбі
09:15 26.07.2022  586

Күтілетін нәтиже мол, десе де...
08:39 23.07.2022  724

Инвестиция тарту көзделуде
08:37 23.07.2022  695

Еңбекпен келген абырой
08:35 23.07.2022  699

Жырлары - елге мұра, ұрпаққа аманат
08:33 23.07.2022  722

23.06.2022

Ортада тағы – орамал тақырыбы

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz сайтына берген сұхбатында орамал тағу туралы пікірін білдірді. Мұнда министр мемлекетіміздің зайырлы ел екенін атап өтіп, инклюзивті қоғам болу жөнін тілге тиек етті.
- Бұл мәселе үнемі көтеріліп келеді. Орамалға байланысты көптеген талқылау біздің елде ғана емес, өзге де бірқатар елдерде жүріп жатыр. Десе де, Қазақстан – зайырлы мемлекет, мектеп те – зайырлы мекеме. Сонау 2016 жылы қабылданған бұйрық бар, оның талаптары бар. Дегенмен, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, біз әр түрлі топты қамтуды қамтамасыз етудің маңызды екенін байқаймыз. Мен инклюзивтілікті жақтаймын және оқушыларға қолдау керек екенін түсінемін. Әрине, аталған мәселе министрліктің құзыретіне ғана қатысты емес. Басқа органдармен де талқылауға тиіспіз, - дейді А.Аймағамбетов.
Оның айтуынша, басына орамал таға алмағандықтан ата-анасы сабаққа жібермейтін қыздар назардан тыс қалмауы абзал.
- Осы себептерге байланысты балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқытуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсерін тигізеді. Ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек, - деді ол. Ал кейбір қоғам белсенділері орамал таққан қыз балаларды мектепке кіргізбеу оның құқығын бұзу деп топшылауда.
Павлодар қаласының тұрғыны Жанат Естемісова мектепте арнайы бірыңғай мектеп формасына қатаң талап қою керек екенін айтуда.
- Шындығында, орамалға қатысты қандай да пікір білдіру қиынға соғады. Әсіресе, қыз тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін бұл - өзекті тақырып. Таяқтың екі ұшы бар екенін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, алдымен жасөспірімдердің мектепке тізеден төмен белдемше немесе классикалық үлгідегі шалбар киюді міндеттеп, ұлдың ер азамат ретінде өзіне сай үлгіде киініп, боянуына тыйым салу шарт. Мектеп әркез үлгілі тәрбие орны болып қалуы тиіс. Өз басым оқушы қыздардың білім ордасына орамал тағып келуіне қарсымын. Кәмелет жасына толғаннан кейін тұлға ретінде балаларымызға таңдау құқығы беріледі. Міне, сол уақытқа дейін оларды дұрыс жолға бағыттап, оң мен солын тани білетін адам ретінде тәрбиелеу қажет. Олар 18 жасқа дейін діннен хабары бар болып, кейін өзінің қалауы бойынша киінуі орынды деп есептеймін. Қазіргі мақсат – тек қана оқу оқып, білім жинау, - деді ата-ана.
Қыздарымыздың білім алуы - олардың болашақтары үшін аса маңызды. Мұның барлығы туған жерді сүю, бойындағы ұлтымызға тән көркем мінезден бастау алатынын алға тартты.
Ал облыс орталығындағы №19 мектептің педагог-психологі Саягүл Шедірдің сөзінше, 6-7 жастағы бүлдіршін қыздарға орамал тағу оны қоғамнан алшақтатып, күйзеліс пен өз-өзіне деген сенімсіздікке алып келеді.
- Әлбетте, орамал таққан оқушылар мектептегі іс-шараларға, мерекелік кештерге қатыспайды. Біртіндеп ортасынан алшақтай түседі. Осылайша, оның бойында ұяңдық, тұйық болу және ойын ашық жеткізу әлсірейді. Бұл – шындық. Сондықтан, зайырлы мемлекетімізде балаға таңдау құқығы берілгенімен, оқушы мектеп формасын киюі керек. Бала ретінде ойын ойнап, белсенділік танытып, сүйікті ісімен шұғылданғаны дұрыс. Ата-ана мен ұстаздар тарапынан оларға қысым болмауы тиіс. Қандай жағдайда да мемлекет қамтушы яғни, инклюзив болуға міндетті. Сол кезде басты функцияларының бірін іске асырады, - деді педагог-психолог.
Жалпы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған қыз балаға, яғни балиғат жасына толмаған қызға жаулық жабу немесе орамал тағу міндетті емес. Мұндай әрекетке бармас бұрын ата-аналардың байсалды, ұстамды болуларын, ыждаhаттылық танытуларын сұрайды. Мүмкіндігінше, мектеп басшыларымен ортақ мәмілеге келулеріне, қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуына назар аударуды қалайды.
- Біріншіден, әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға шексіз мақтау мен сүйікті болған Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтамыз. Жалпы, адам баласы хиджаб дей ме, орамал тағу дей ме, бастысы, бұл ұғым ислам дінінде ұятты жерлерді жауып жүру деп түсіндіріледі. Әрине, әурет жерлерді жауып жүру, орамал тағу дінімізде балиғат жасына толған қыздарымызға міндетті болып табылады. Бұл Алла Тағаланың әмірі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бекіткен, ғалымдарымыз қолдаған үкім. Енді орамалды мектептерде тағу мәселесіне келсек, әлбетте Қазақстан - зайырлы мемлекет. Жалпы, зайырлы деген Құдайсыз деген сөзді білдірмейді. Бұл даудың төркіні 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін орамал таққызуда емес. Діндар ретінде айтарым, бұл жердегі бір ғана мақсат – еркіндік беру. Орамал тағам десе тақсын, тақпаймын десе де өз қалауы. Әрбіріміз өзіміз үшін жауап береміз. Сол себепті, мәселені ұшықтырмай, қоғамның наразылығын тудырмай, керісінше, төзімділік пен сабырлық сақтауға шақырамын. Егер сауатты түрде орамалға еркіндік берсе, нұр үстіне нұр. Бастысы – еркіндік, - дейді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.

ТҮЙІН:
Қазақ халқының дәстүрінде қыз бала тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Оның орнына үкілі тақия, кәмшат бөрік сынды бас киімдер киген. Ал қазіргі қоғамда бұл ысырылып қалғандай-ақ. Сондықтан, қазірден бастап ұлтымызға тән қазақылықты жаңғыртып, жас буынның қанатын қатайтып, білім мен ғылымға деген құлшынысын оятып, еркіндікті сыйлауымыз шарт. Бұл - біз бен сіздің қолыңызда!

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Количество показов: 564

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  138

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  156

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  136

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  178

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  164

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  137

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  182

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  154

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  156

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  224

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  290

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  220

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  237

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  243

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  212

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  225

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  205

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  227

Алтын аға
10:30 04.08.2022  252

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  273

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  297

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  440

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  279

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  308

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  295

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  291

Кәсіптік бағдар береді
09:43 02.08.2022  288

Ашаршылық - айтылмаған ақиқат
09:42 02.08.2022  303

Суретшіні еске алды
09:41 02.08.2022  302

Алдағы қысқа әзірлік қалай?
09:38 02.08.2022  339

Сарыарқа самалы, 2 тамыз, сейсенбі
09:19 02.08.2022  349

Суда сақтық керек
09:07 30.07.2022  392

Желтоқсан көтерілісі: беймәлім деректер
09:06 30.07.2022  494

Сарыарқа самалы, 30 шілде, сенбі
09:00 30.07.2022  412

Усолкада экосаябақ құрылады
08:59 30.07.2022  392

Отбасы картасының пайдасы қандай?
08:57 30.07.2022  394

Шорман биге белгітас қойылды
08:54 30.07.2022  392

Өресі биік азамат
08:51 30.07.2022  413

Заманға сай жаңа зауыт
08:48 30.07.2022  390

Ауыл халқының табысы артады
10:17 28.07.2022  523

Рахметолла хазірет
10:15 28.07.2022  511

Ән мәтінін қалай дұрыстаймыз?
10:11 28.07.2022  496

Қат тауарға айналған қант
10:08 28.07.2022  503

Қауіпсіздік - басты бағыт
10:05 28.07.2022  510

Сары бәйбіше ұстаған жауырын
10:03 28.07.2022  500

Көздеген меже - салымшы мүддесі
09:57 28.07.2022  542

Сарыарқа самалы, 28 шілде, бейсенбі
09:11 28.07.2022  512

Үкімет басшысының орынбасары өңірімізге келді
19:14 26.07.2022  594

Жол жөндеуде үйлесім жоқ
10:23 26.07.2022  584

Тұрғындар мәселесі – билік назарында
10:21 26.07.2022  606

Ленин орденін алған
10:19 26.07.2022  567

Облыс орталығында фермерлік базар ашылады
10:17 26.07.2022  558

Тағдырын театрмен тоғыстырған таутұлға
10:14 26.07.2022  583

Айыппұл салынды
10:12 26.07.2022  577

МИБ-тің қандай артықшылығы бар?
10:09 26.07.2022  576

Сарыарқа самалы, 26 шілде, сейсенбі
09:15 26.07.2022  586

Күтілетін нәтиже мол, десе де...
08:39 23.07.2022  724

Инвестиция тарту көзделуде
08:37 23.07.2022  695

Еңбекпен келген абырой
08:35 23.07.2022  699

Жырлары - елге мұра, ұрпаққа аманат
08:33 23.07.2022  722