Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
58
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
57
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
81
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
62
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
90
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
94
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
76
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
94
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
101
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
73
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
79
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
98
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
83
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
288
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
333
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
326
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
256
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
240
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
368
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
250
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
350
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
696
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
650
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
636
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
661
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
833
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
598
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
622
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
571
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
655
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
628
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
473
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1058
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
870
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
641
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
582
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
375
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
589
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
513
11 медаль!
11:05 24.01.2023
587
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
596
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
536
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
607
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
801
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
581
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
462
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
598
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
622
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
557
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2917
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2812
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2779
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2865
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2820
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2915
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2985
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2723
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2721
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2845
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2777
Өткен демалыс күндері Қостанай облысындағы орманнан өрт шығып, аз уақытта 40 мың гектардан астам жасыл алқап қызыл жалынға оранды. Іргелес жатқан елді мекендердің азаматтары дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жария-ланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймаққа арнайы барып, өңірдегі ахуалды бақылауға алды. Жедел штабтың отырысы барысында нақты тапсырмалар беріп, зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
Тілсіз жаумен күрес жалғасуда
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрт 2 қыркүйек күні шамамен сағат 15.10-да басталған. Жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін желдің салдарынан тілсіз жау тез таралып, орман алқабын отқа орады. Елді мекендер мен тұрғындарға қауіп төнді. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай қызметкерлері тарапынан қолға алынған жедел шаралардың нәтижесінде 3 қыркүйек күні өрт қаупі төнген елді мекендерден 1 мың 800-ден астам адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады. Өкінішке қарай, Аманқарағай ауылында жанып кеткен ғимарат үйіндісінен 1936 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Жалпы, өрт кезінде 10 адам жарақат алып, қазір төртеуі ауруханада ем қабылдауда. Олардың қатарында қарапайым тұрғындармен қатар өрт сөндіруші, әкімдік қызметкері мен орманшы бар. Сондай-ақ, аудандағы 108 үй, қора-қопсы мен ғимараттар жанып кетті. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, алапат өрт 106 мың гектар аумақты алып жатқан Аманқарағай орман шаруашылығының 43 мың гектардан астамын шарпыды.
- Қауіпті аймақта Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты барлық бөлімшелер, жергілікті атқарушы органдар өртке қарсы тынымсыз күрес жүргізуде. Сындарлы сәтте теміржолшылар тарапынан үлкен көмек көрсетілгенін айта кету керек. «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на қарасты бөлімше Аманқарағайда жарылған мұнай базасынан шыққан өрттің таралуына жол берген жоқ. Соның нәтижесінде тілсіз жаудан төніп тұрған орасан қауіптің беті қайтарылды, деді министр. Өртке қарсы күреске Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдері де жұмылдырылды. Елордадан әскери-көлік авиациясымен 120-дан астам десантшы, сондай-ақ халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының тұрақты құрамының 45 әскери қызметшісі жетті. Арнайы техникалар, материалдық құралдар, әскери-көлік авиациясы мен арнайы аспадағы өрт сөндіру жүйелері бар 4 көліктік-жауынгерлік тікұшақ берілді. Жалпы, өртті сөндіруге 224 техника мен 7 әуе кемесі тартылды. Сондай-ақ, жеке құрамның 1893 адамы қызыл жалынды ауыздықтау жұмысын жүргізіп жатыр. 5 қыркүйек таңғы сағат 09.00-дегі ақпарат бойынша, орман аумағындағы 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары. Өрт шарпыған жердің жалпы көлемі - 5 шақырым. Сонымен қатар, 3 қыркүйекте Қостанайдағы «Оружейная палата» дүкені өртеніп, соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шекті. Оқыс оқиға кезінде үшеуін күйік шалып, барлығы ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, төрт тұрғын қаза тапты.
Қостанайдағы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл жиын өткізіп, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін өртті сөндіру шараларына басымдық беруді және төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қосымша қаражат қарастыруды тапсырды. Жоспар бойынша, Президент 5 қыркүйек күні Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өтетін шараларға қатысуы тиіс еді. Алайда табиғаттың тосын апатына байланысты мерекелік шаралар кейінге шегеріліп, бұл күні Мемлекет басшысы өртті сөндіру барысын тексеру үшін барды. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты аралағаннан кейін шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.
- Өңірдегі ахуал – бақылауда. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Біз болған жағдайдан тиісті сабақ алуымыз керек, - деген Президент өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтарға жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.
Сонымен қатар, Президент үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз етуді жүктеді.
– Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетініне ешқандай күмән болмауға тиіс, - деді Мемлекет басшысы. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады.
- Әулиекөлдің бас жоспарына сәйкес жер бөлдік. Үкіметпен бірлесе құрылған жұмыс тобы тиісті істерді атқаруға кірісті. Біздің өңірде жылыту маусымы ерте, яғни қазан айында басталады. Сол уақытқа дейін 91 үйді салып үлгеруіміз тиіс. Бір аптаның дересінде құрылысты бастауға тырысамыз. Бұл жұмысқа баспаналарды тез әрі сапалы салатын мердігерлер тартылатын болады, – деді өңірдің басшысы. Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Президент Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.
– Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі-екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, –
деді Мемлекет басшысы.
Қостанай облысында өткен жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды.
- Орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек, - деді Президент. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басқарма басшысы Ермек Шүлден орманды қасақана жою немесе зақымдаған азаматтарға қарастырылған жауапкершілік қатаң екенін ескертті.
- ҚР Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою арқылы немесе қоқыспен ластап, өзге де әрекетпен қасақана жою немесе зақымдау ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабымен сараланады. Аталған әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді Е.Шүлден.
Қостанай облысындағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғалған болатын. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабының 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысын Бас прокурор жеке бақылауына алды.
Қостанай өңірінде тілсіз жаудан жапа шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында бірыңғай қоғамдық қор құрылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры да алапат өрттен келген залал көлемі анықталған соң жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып тиісті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді. Одан бөлек, қарапайым тұрғындар тарапынан көрсетіліп жатқан көмек көп. Баспанасыз қалып, уақытша эвакуацияланған тұрғындарға еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жолданып жатыр. Жеке кәсіпкерлер мен компаниялар қаржы аударып, бірнеше мемлекеттік орган қызметкерлері бір күндік еңбекақысын бағыттау шешімін қабылдады. Олардың қатарында Парламент депутаттары да бар. Жекеменшік компаниялар да шетте қалған жоқ. Айталық, алғашқылардың бірі болып көмек «Halyk Bank» АҚ үйлері жанып кеткен отбасыларға 1 млн теңгеден беретінін және несиелерін жабатынын мәлімдеді.
- Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жіберіледі. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, қаражатты тұрғын үйді жалдауға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсай алады. Сонымен қатар, банк басшылығы үйі жанып кеткен барлық тұрғынның несиесін жабу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлады банк басшылығы. Ал «Qazaq Oil» жанармай құю станциясы ұлттық желісі өрт сөндіруге арналған техникалар мен барлық коммуналдық қызмет-терге дизель отынын тегін берумен қатар, 50 млн теңге көлеміндегі материалдық көмек бөлді. «Kostanay Music Fest» музыка фестивалін ұйымдастырушылар да өрттен зардап шеккендерге 50 млн теңге аударады.
- Біз бұл концертке 3 ай дайындалып, әу баста одан түскен ақшаны толығымен қайырымдылыққа бағыттаймыз деп жоспарлаған едік. Бірақ соңғы жағдайға байланысты табиғи апаттан қиын жағдайға қалған азаматтарға қол ұшын созуды жөн санадық, - дейді фестиваль ұйымдастырушысы Алмас Жәли.
Павлодарлықтар да қиын сәтте солтүстіктегі ағайынға қолдау көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Достық үйінде» бірінші кезекте керек тауарлар жиналды. Қоғамдық бірлестіктер белсенділік танытып, атсалысты. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы ғимаратында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылды. Бір тәулікке жетер-жетпес уақытта 20 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, төсек-орын жабдықтары, бірінші кезекте қажетті заттар, гигиена құралдары жиналды. Бұрнағы күні Қостанайға 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген екі жүк көлігі жолға аттанды. Десе де, көмек жинау мұнымен тоқтамайды. Алдағы күндері Қостанай облысына құрылыс материалдары, электр пештері, жылытқыштар, тұрмыстық техника, төсек-орын жабдықтары, көкөністер жіберу жоспарланып отыр.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
58
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
57
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
81
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
62
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
90
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
94
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
76
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
94
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
101
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
73
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
79
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
98
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
83
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
288
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
333
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
326
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
256
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
240
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
368
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
250
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
350
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
696
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
650
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
636
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
661
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
833
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
598
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
622
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
571
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
655
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
628
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
473
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1058
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
870
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
641
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
582
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
375
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
589
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
513
11 медаль!
11:05 24.01.2023
587
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
596
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
536
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
607
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
801
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
581
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
462
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
598
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
622
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
557
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2917
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2812
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2779
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2865
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2820
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2915
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2985
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2723
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2721
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2845
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2777