Қойсары батырлары ұлықталды

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  161

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  172

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  175

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  163

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  187

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  262

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  514

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  447

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  485

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  607

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Қойсары батырлары ұлықталды 15.09.2022

Қойсары батырлары ұлықталды

Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылының маңында 2016 жылы өңіріміздің өлкетану-шылары зерттеу барысында 18 ғасырда өмір сүрген Өмірзақ батыр Қойсарыұлының және Өтен батыр Ырыскелдіұлының зиратын тапқан. Демалыс күні зираттың маңында баба рухына ұрпақтары ескерткіш орнатты. Шара мерекелік концерттік бағдарламалармен, қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.

- Өңіріміздің белгілі тарихшылар еңбегінің нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Ата-бабаларымызға ескерткіш ашып, салтанатты ашылу рәсімі өтуде. Шараға Бәсентиін руынан тараған азаматтар, бабамыздың ұрпақтары және Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Павлодар облысынан келген ағайын-туыстарымыз жиналды. Бұған өте қуаныштымыз. Бабамыз жайлы айтылған тарихқа зер салсақ, бұл зиратты өңіріміздің өлкетанушысы Дәурен Аяшинов 2018 жылы тауып, Омбыдағы құжаттар арқылы іздестіріп, осы батырдың зираты екенін дәлелдеген. Кейін өткен жылы батырдың ұрпақтары болып зиратты қоршадық. Тас қойдық. Бабалардың ұрпақтары, Бәсентиін руынан шыққан ел азаматтары демеушілік етіп, биыл ұлан, асыр той жасап жатырмыз, - дейді батырдың ұрпағы зейнеткер ұстаз Ғалым Сұлтанов. Өңірімізге белгілі тарихшы, өлкетанушы Дәурен Аяшинов зерттеу жұмыстарында бұл батырлар тараған Қойсары руы – іргелі ру Бәсентиіннің Жаманай бөлімшесінің бір тармағы екенін жазады. Уақыт өте келе осы Жаманай ұрпақтарының өзі – Қойсары, Рысбек, Қоянбай, Қозыбақ, Сағынай, Тайлақ, Бұқакүбір, Көшеншүрек секілді бірнеше аталарға бөлінген. Қойсары – Жаманайдың үлкен ұлы, ХІХ ғасырда жасалған мұрағаттық құжаттарда «Бәсентиін-Жаманай» адам саны ең көп ру болып көрсетілген. Сондай-ақ, сол кезеңдердің экономикалық көрсеткіштері де олардың басқа аталарға қарағанда басым болғанын көрсетеді. Бұл жөнінде тарихшы Салық Зиманов: «Бәсентиін – Бәйімбет атасы Жаманай, Бейсен секілді екі тармағымен Баянауыл округінде жеке болыс құраған. Бұл топтың ішінде басқаларға қарағанда басымдыққа ие болған Жаманайдың Қойсары тармағы», - деп атап көрсетеді. Халықтың ауызекі шежіресінде және сақталған қолжазба құжаттарда Қойсарының бірінші әйелінен – Өмірзақ, Жанұзақ, екінші әйелінен – Ырыскелді, Өмір дүниеге келеді. Қойсарының өмір сүрген жылдары, шамамен 1660-1730 жылдар. ХVIII ғасырдың жиырмасыншы жылдары Орта жүз руларының жоңғарларға қарсы азаттық соғысының алғашқы жеңістері басталып, жалпы Сарыарқа, Ертіс өңірі, Қарқаралы, Баянауыл жерлерін жаудан босата бастаған уақыт. Бұл кезеңдерде Малайсары батыр бастаған бәсентиіндерді алдыңғы қатардан көреміз. Әлихан Бөкейханов өзінің Павлодар уезіне қатысты еңбегінде: «Бәсентиіндердің келуі ХVІІІ ғасырдың басына тұспа-тұс. Негізі Бәсентиін рулары Түркістан жағынан Павлодар уезіне Сүйіндіктерден бұрынырақ келген секілді. Осы уақыттарда Қойсарының балалары мен немерелері аса белсенділік танытқан секілді. Әсіресе, жекпе-жекте Қойсарының үлкен ұлы Өмірзақ батыр көп көзге түседі дейді.

- Өмірзақ батырдың өмір сүрген жылдары шамамен - 1705-1770 жылдар. Ол кезде белгілі адамдардың аттарымен жер-сулар аталған. Бүгінгі күнде Ақкөл-Жайылма өңіріндегі «Өмірзақ» көлі осының айғағы секілді. Ескікөздердің айтуынша, бұл ара Өмірзақ батыр мен оның туыс-туғандарының жайлауы болған. Себебі, Бәсентиін-Қойсары руларының көші-қон жолдары жайлы мұрағаттық құжаттар да осыған сілтейді. Және Өмірзақ көліне жақын тағы бір көлдің атауы - Бәсентиін. 1878 жылы жасалған төмендегі картада осының барлығы анық көрсетілген. Павлодар облыстық мемлекеттік архивінде (1954 жылы жазылған) батырдың өз туысы Өтен батырмен ара қатынасы жайлы құжат сақталған. Батыр мен оның балаларының зираты кейін, ХІХ ғасырың екінші жартысында ұзындығы 20 метрге, биіктігі 3 метрге таяу қоршаумен қоршалған. Оны жасаған батырдың сол кезде бақуатты тұрмыс кешкен шөберелері - старшина Байғазы мен оның інісі Мұса Боқановтар және билер Байғонды, Жақсылық Боранбаевтар. Зират осы күнге дейін жақсы сақталған. 2021 жылы бүгінгі ұрпақтары Өмірзақ батырдың басына ескерткіш тас орнатып, темір қоршау қойды. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары (1928-37 жж) батырдың ұрпақтары түгелге жуық кәмпескеге ілігіп, жер аударылды, - дейді тарихшы, өлкетанушы Дәурен Аяшинов. Ал Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Берік Ескендіровтің айтуынша, зираттың ұзындығы - 20 метр, ені 10 метрді құрайды дейді.

- Ақкөл-Жайылмада Өмірзақ, Бәсентиін атты көлдер бар. Бұл көлді Дәурен Аяшинов зерттеу жұмыстары барысында тапқан. Кейін «Бәсентиін-Қойсары руының шежіресі» атты кітабы жарық көрді. Еңбекте осы ру жайында толығырақ ақпарат берілген. Өмірзақ, Жанұзақ, Өтен батырлар Бәсентиін – Қойсары атты рудан тараған. Кезінде Қойсарылар бай-қуатты болған. Дәурен бауырым екеуіміз әлеуметтік желілерде топ ашып, Қойсарылардың басын қостық. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жер - батырлар жері. Себебі, осы зираттан 10 шақырымдай жерде Ер Сырымбет батыр және Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батырдың зираттары бар. Олардың зираттары әлі қоршалмаған. Тек құлпытастар ғана қойылған. Ендігі уақытта демеушілік ететін жандар болса, осы батырлардың да жатқан жерін қоршап, ескерткіш тастар қою жоспарда бар, - дейді Берік Хайроллаұлы. Шарада ескерткіш тас ашылып, Өмірзақ батыр Қойсарыұлы және Өтен батыр Ырыскелдіұлы батырларының рухына құран бағышталды. Ескерткіштің ашылуынан кейін, шара дүбірлі тойға ұласты. Шараның алғашқы сөзін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Байбәкіров алып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді.

- Бүгін Еңбек ауылында үлкен той. Батыр бабаларымызға ұрпақтары ескерткіш тас қойып жатыр. Еліміздің батырларының ерлігін елге танытып жатырмыз деп санаймын. Жасап жатқан тойларыңыз, бағыштаған құран-дарыңыз қабыл болсын! - деді Н.Байбәкіров. Облыстық айтыс байқауларының жеңімпазы Ернар Құсанов дүбірлі тойда өз арнауын айтса, Ресей Журналистер одағының мүшесі, ақын, Алтайдағы жергілікті қазақ диаспорасының төрағасы Сапарбек Маусымбаев Бәсентиін-Қойсары еліне өз арнау өлеңін ұсынды. Павлодар облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Сәуле Біләлова және Нұршат Нұрғалиева қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақытжамал Максилованың атынан құттықтау сөз сөйлеп, Бәсентиін-Қойсары елінен тараған, шараға бас демеушілік еткен Сәния Жақұпованы Ақсу қаласы, Мәмәйіт Омаров ауылының өркендеуі мен экономикасының дамуына өз үлесін қосқаны үшін «Дара жол» төс белгісімен марапаттады. Ал шараның қонағы Жеңіс Ысқақова және Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Дүбірлі той арқан тарту, гір тасын көтеру және тай бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аударыспақ атты спорттық жарыстармен өз жалғасын тапты. Жарыс нәтижесі бойынша арқан тарту сайысында Мәмәйіт Омаров ауылынан келген қатысушылар алғы шептен көрінді. Кір тасын көтеру бойынша Үштерек ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Пажир жоғары нәтиже көрсетсе, қазақ күресінен Құдайберген Қайраткелді (70 кг), Асхат Өкенов (80 кг), Серік Тұпғатар (90 кг) салмақтарда үздік атанды. «Аламан бәйге» жарысы бойынша 1-орынды Май ауданынан келген қатысушы Қанат Қопашев, «Құнан бәйгеде» Сейітқалы Бралин, шабандоз – Нұрасыл Тілеу «Тай бәйге» сайысында Еңбек ауылының тұрғыны Мұратхан Өмейдің жорғасы мәре сызығын алғаш болып кесті. Барлық қатысушылар демеушілер атынан әзірленген дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айдана БОРАНБАЕВА, Еңбек ауылы, Ақсу қаласының ауылдық аймағы.


Количество показов: 433

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  161

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  172

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  175

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  163

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  187

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  262

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  447

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  485

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  607

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494