Рахметолла хазірет

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  92

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  98

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  97

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  105

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  91

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  107

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  94

Сенсация!
08:02 24.09.2022  59

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  104

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  179

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  155

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  147

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  176

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  159

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  161

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  171

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  165

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  169

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  180

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  174

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  162

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  172

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  171

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  186

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  260

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  266

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  248

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  269

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  250

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  267

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  243

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  259

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  289

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  378

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  416

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  410

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  378

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  403

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  367

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  375

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  399

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  498

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  445

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  457

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  459

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  506

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  513

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  492

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  516

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  489

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  512

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  484

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  446

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  483

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  487

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  606

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  573

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  584

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  517

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  493

Рахметолла хазірет 28.07.2022

Рахметолла хазірет

Рахметолла хазірет Құлмағамбетұлы 1885 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ақсу қаласына қарасты Саршығанақ eлдi мекенінің төңірегіндегі ауылда дүниеге келеді. Әкесі Құлмағамбет Бекбауұлы ірі бай әрі Меккеге үш рет барған қажы, мешіт-медресе ашқан үлкен молда болды. Ал атасы Бекбау Кенесары ханның аса сенімді оң қолы болыпты.

Зерек әкенің шарапаты

Рахметолланың әкесі Құлмағамбет жаста-йынан зеректігімен, ерекше ұғымталдығымен ерте көзге түсіп, кішкентай кезінде-ақ Құранды толығымен жаттап алған екен. Бірде ауылдың сыйлы бір адамы қажылық сапарға бара жатып, Құранды жатқа айтатын Құлмағамбетті баласынбай, қасына ертіп өзімен бірге ала кетеді. Осыдан кейін ақсақалдар Құлмағамбетке үлкен сенім арта бастайды. Оны «Сен қажылыққа барып келген адамсың. Баратын жолын да, құлшылық жасау ретін де білесің. Енді мен үшін барасың», деп Мекке-Мәдинаға екінші рет жібереді. Құлмағамбеттің имандылық жолындағы талпынысын, дінге деген ынтасын аңғарған ақсақалдар «Бізге діни білімі терең, оқыған молла керек» деп оны Семейдің медресесіне оқуға жібереді. Ол кезде бұл оқу орны Абай Құнанбаев дәріс алған іргелі медреселердің бірі болатын. Медреседе үздік шәкірт болған Құлмағамбет оқуын тәмамдаған соң туып-өскен ауылына (қазіргі Саршығанақ ауылының төңірегі) келіп мешіт салдырады, медресе ашады. Өзі мешіттің имамы болып, медреседе шәкірттерге дәріс береді. Ол медресе жанынан жатақхана салдырып, көрші ауылдардағы зерек, қабілетті балаларды жинап әкеліп, оқытады. Жатақханада балалардың еш алаңсыз білім алуларына барлық мүмкіндікгі жасайды. Сол мешіт пен медресенің орындары әлі күнге дейін бар. Аты аңызға айналған, халықты имандылыққа, жас ұрпақты діни білімге, рухани ілімге тәрбиелеуде ғибратты із қалдырған Құлмағамбеттің, ізгі жолын баласы Рахметолла хазірет одан әрі жалғастырды. Ол бүкіл өмірін, көз жұмғанша имандылық жолға, дінімізді уағыздауға арнайды. Осы жолда талай «тар жол, тайғақ кешулерді» де бастан өткерді.

 

Кеңес өкіметі жылдарында

Кеңес өкіметі орнасымен 1919 жылы Павлодар уезінде мектептерде діни ілімдерді оқытуға тыйым салынады. Бұл молдаларға да тықыр таянды деген сөз еді. Байлардың малын, дүние-мүлкін тәркілеу басталады. Осы кезде Рахметолла Құлмағамбетұлы барлық малын ағайындарға, шаруаларға, кедейлерге таратып беріп, «Маған Құраннан. басқа ештеңенің керегі жоқ. Дүниеде Құраннан асқан байлық болмақ емес» деп кітаптарын ғана алып, Керекуге   көшеді. Ол мұнда «Ақмешіт» мешітінің азаншысы болып орналасады. Рахметолланың діни білімі терең екенін байқаған Ақмешіттің имамы Сейфуллин оны молда етіп алады. Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармайды. 1928 жылдан бастап төңкеріске дейін жүмыс істеп келген мешіттер Павлодар уезінің барлық елді мекендерінде жабылып, мешіт ғимараттары мөдениет мекемелеріне, мектептерге, кеңселерге айналады. Ал молдалар қуғын-сүргінге ұшырайды. Отыз жетінші жылы облыста жұмыс істейтін бірде-бір мешіт қалмайды. Рахметолла хазірет мешіттер жабылып қалса да, молдалық құруын жалғастырып, имандылыққа бастайтын уағыздарын тоқтатпайды. Ол намазхандарды үйіне. жинап алып, жұма намазын өткізіп түрады, адамдардын, санасына мейірім, қайырым ұялататын діни уағыздар айтады. Сол үшін Рахметолла хазірет Ақтүрмеге қамалып та шығады, Ресейге қашып кетіп, бас сауғалауға да мәжбүр болады. Жалғыз ұлы Файзолланы Рахметолла хазірет кеңес өкіметінің «Дін-апиын» деп молдаларды қуғын-сүргінге салған кезеңде өзі берік ұстанған имандылық жолмен атасы мен әкесінің ізін қуып, ісін жалғастыруға тәрбиелей алмайды. «Байтал түгіл бас қайғы» болған тар кезеңде бүл мүмкін де емес еді. Алайда Рахметолла хазірет қандай кедергі-қиындық болса да, қандай қауіп-қатер басына тенсе де, халықты ынтымақ-бірлікке, қайырымдылық-мейірімділікке, бауырластық-бауырмалдыққа баулитын имандылық уағыздарын, молдалық қызметін тоқтатпайды. Оны «Дінмен адамдардың санасын уландырып жүр» деп көрсетушілер де болады. «Байдың баласы, жұртты аузына қаратқан дін таратушы» деп абақтыға жаппақ болғанда Рахметолла бұл суыт хабарды жанашырлардан естіп, бір түнде алды-артына қарамай, Ресейге, Новосібір жаққа кетіп, бас сауғалайды. Артында калған отбасы да қуғынға ұшырап, жұбайы Мәпен де ұлын жетектеп Ресейге жол тартады. Бірақ ерлі-зайыпты Рахметолла мен Мәпен бірін-бірі көре алмай, біраз жыл туған жерден жырақта, жат жерде қуғын-сүргіннің «тар жол тайғақ кешуін» бастарынан өткереді. Тек ағайындары Әбділданың іздеу салуымен соғыс басталар алдында ғана Рахметолла да, ұлын ертіп Мәпен де елге оралады. Керекуге келіп, Лассаль көшесіндегі 135-үйді жалға алып тұрады.

 

Сталиннен құттықтау хат

Рахметолла мұнда келісімен жұртшылықтың басын біріктіріп, үзіліп қалған имандылық жолдағы игілікті ісін қайтадан жалғастырады. Соғыс жылдары Рахметолла жауынгерлеріміздің жауды жермен жексен етіп талқандап, жеңіске тезірек жетуі үшін халықтан жәрдем ақша жинап, әскери ұшақ, танк жасауға деп мемлекеттік банкке қаржы аударып отырады. Осындай қайырымдылық ізгі істеріне орай Бас қолбасшы И.Сталиннен құттықтау жеделхат алады. Онда былай деп жазылған: «Имам Рахметолла Құлмағамбетовке, молдалар Тарғақовқа, Мамыровқа. Қызыл Армия Қорына 71478 сом ақша жинаған Павлодар қаласының мұсылмандарына менің сәлемім мен Қызыл Армияның алғысын тапсыруыңызды сұраймын. И.Сталин» (Облыстық «Қызыл ту» газеті, 23. 08. 1944 ж.). Соғыстың соңғы жылдары үкімет тарапынан діни адамдарға Аллаға құлшылық жасауға ұлықсат беріле бастайды. Міне, осы кезде Құлмағамбетов Рахметолла басқарған бір топ діни адамдар 1937 жылы жабылып қалған Бижан мешітін (1 мамыр көшесі, 76-үй) қайта ашу жөнінде облыстық атқару комитетінің төрағасы К.Макинге өтініш жазады. Онда былай делінген: «Біздер, Павлодар Қаласының үш мыңнан астам мұсылман-дары Қызыл Армияның Ұлы Отан соғысы майдандарындағы жарқын Жеңістеріне қуанамыз. Біздер қорғаныс қорына жасаған қайырымдылық үлестерімізбен бұл табысты одан әрі нығайтамыз. Біз халықтан жинаған ақшамызды мемлекеттік банкге тапсырдық. Ол үшін Сталин жолдастан алған құттықтау жеделхатымыз да бар. Ол бізді Қызыл Армияның жауды тездетіп талқандауы үшін оған жан-жақты көмек көрсетуге одан әрі жігерлендіреді. Діндарлар арасында осы мақсатта қаражат жинау одан әрі жалғасуда. Бірақ біздің құдайға құлшылық жасауға мүмкіндік беретін қалада мешітіміз жоқ. Сондықтан да фашистік Германиямен күресте жеңіске жетуіміз үшін намаз оқып, тілек тілеп жалбарынуға бір мешіт ашуға және мүсылман қауымын тіркеуге мүмкіндік беруіңізді сұраймыз. Және ашылған мешіттің имамы етіп Құлмағамбетов Рахметолланы тіркеуіңізді өтінеміз». («Ертістің Павлодар өңіріндегі исламның тарихынан» кітабынан. Павлодар қаласы. «ЗКО» ҒӨФ. 2001-111). Әкесінің арқасында діни сауатын ерте ашқан, терең діни білім алған Рахметолла Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары «Бижан» мешітінің қайта жұмыс істеуіне ұйтқы болып, имам болып тағайындалады. «Байдың баласы» деп үш жылдай қудаланып мешіттен қол үзгенмен, 1949 жылы «Бижан» мешітіне қайта оралып, өмірінің соңына дейін имам болып халыққа адал қызмет етеді. 1944 жылы 22 желтоқсанда халық депутаттары облыстық кеңесінің атқару комитеті діни топтардың осы өтінішін қарай келе, сондай-ақ облыста бірде-бір жұмыс істеп тұрған мешіттің жоқтығын ескере отырып, КСРО ХКК-нің 1944 жылғы 19 қарашадағы «Сыйыну ғимараттары мен діни үйлерді ашу тәртібі туралы» қаулысына орай Павлодар қаласында бір мешіт ашып, діни қауымды тіркеу керек деген шешім қабылдайды. Сейтіп, 1945 жылы 20 маусымда Бижан мешіті (1 мамыр, 76-үй) қайта ашылады. Имамы Құлмағамбетов Рахметолла хазірет болады. Ол мұндай құрметке адамгершілік қасиеттерімен, діни терең білімділігімен, халықты құдірепі сөздерімен үйіріп алатын қабілетімен, жұртшылық ортасындағы зор беделімен жетті. Рахметолла хазірет 1943 жылы Ташкентте өткен Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының бірінші құрылтай съезіне Павлодар өңірінен бір өзі ғана делегат болып қатысып, Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мүшесі болып сайланады. Бұл оған көрсетілген үлкен сенім еді. Ол кезде терең білімді ірі молдалар мен үлкен имамдардың көбі қуғынға ұшырап атылып кеткен болатын. Съезде Рахметолла дұғалар оқу, уағыздар айту құрметіне ие болады. Бұл өзі үшін үлкен сынақ екенін сезінген ол көзін жұмып алып, Құранды саулата жөнеледі, дұғалардан кейін тұшымды, тағылымды уағыздар айтады. Съезге қатысқан өзбек, тәжік, түркімен, басқа да ұлт өкілдерінен құралған делегаттар сілтідей тынып, Рахметолла хазіретті ұйып тыңдайды. Алдыңғы қатарда отырған қарттар ризашылықтан көздеріне жас алып: «Біз терең оқи алмадық. Мұндай дұғаларды, уағыздарды естімегелі көп болды. Білімің терең, ғалым екенсің. Алла жазса имам боларсың» деп баталарын береді. Баталары қабыл болып, Рахметолла хазірет Бижан мешітінде отыз жылдай имам болып, халыққа қызмет етеді.

 

Дін үшін партиядан бас тартқан

Кеңес өкіметі кезінде облыстағы жұмыс істейтін жалғыз мешітке ұзақ жылдар имам болу Рахметоллаға оңай болған жоқ. Жалғыз ұлы Файзоллаға да қиындықтар тудырды. Файзолла Рахметоллаұлы алғашқылардың қатарында Алматыдағы мемлекеттік универ-ситеттің заң факультетін бітіріп, заңгерлік мамандық алып шықты. Прокурор болып қызметке кірісті. «Әкесі - имам, баласы - прокурор. Байдың баласын, молданың ұрпағын осылай талтаңдатып қоямыз ба» деп кейбір көре алмаған адамдар облыстық партия комитетіне арыз-шағым түсіреді. Облыстық партия комитетінің жауапты қызметкерлері Файзолланы шақырып алып: «Мен өз әкемнен өзім бас тартамын, өйткені ол - дінге көзсіз сенген ескіліктің сарқыншағы. Оның маған енді ешқандай қатысы жоқ» деп облыстық, республикалық газеттерге мақала жазасың. Сонда ғана қызметіңде қаласың. Олай болмаған жағдайда, жұмыстан шығасың, қайтіп заңгерлік қызметке қабылданбайсың», - дейді. Файзолла «Олай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледінің» кебіне ұшырап, шақшадай басы шарадай болып, не істерін білмей жүргенде әкесі шақырып алып: «Балам, барлық жайды біліп жатырмын. Мен ес білгеннен бір Құдай деп Алланың ақ жолында жүрген жанмын. Дінмен келдім өмірге, дінмен өтем өмірден. Енді дінді тастай алмаймын. Сондықтан партия әкеңнен бас тарт десе, айтқанын жаса. Ол үшін сені кінәламаймын. Өзің біл, өзің шеш, бәріне дe ризамын», дейді. Файзолла көп ойланып, көп толғанып әкесінен емес, қызметінен бас тартады. Міне, осылайша кеңес үкіметінің солақай саясатынан білікті маман, білімді адам заңгерлік қызметімен қоштасады. Рахметолла хазірет баласының осындай күйге түскенін көргенде, «өміріне балта шаптым-ау» деп қабырғасы қайысып қиналып, көзіне жас алған кездері де болады. Оның үстіне «Рахметолла - байдың баласы» деп соңынан шырақ алып түсушілер де мазасын алады. Үш жылдай имандылық қызметтен босап, мешіттен шеттетілген кезі де болады. Соған қарамастан оның адамға рухани күш-қуат беретін уағыздарын тыңдаушылар көбейіп, абыройы арта түседі. Ақыры көпшіліктің қалауымен, Орта Азия және Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының мүфтиі ишан Бабаханның тағайындауымен Рахметолла хазірет 1949 жылы 5 қыркүйекте Бижан мешітіне қайтадан имам болып келеді. Ол жұмысқа кіріскен күннен бастап мешіттегі имандылық жұмыстары жандана бастайды. Оны КСРО МК жаныңдағы дінге табынушылар істері жөніндегі кеңестің Павлодар облысы бойынша уәкілі Қ.Машраповтың 1949 жылғы қыркүйектен бастап 1951 жылғы наурызға дейінгі ақпараттық есебінен де аңғаруға болады. Онда былай деп жазылған: «1949 жылы 3 қазанда мұсылмандардың «Құрбан байрам» діни мейрамы өтті. Сол күні Құлмағамбетов Рахметолланың басшылығымен көпшілік намаз оқылды. Намазға қатысқандар саны eкi мыңнан астам болды. Павлодар мешіті діндарлардан 5680 сомдай қаражат, діндарлар құрбанға сойған 25 қой терісін, 15 ірі қара мал терісін жинады. Жиналған терінің саны құрбанға шалған барлық малдың санын білдірмейді. Өйткені олар мешітке барлық теріні тапсырмайды. Шын мәнісінде бұл күні өте көп мал сойылды. Ораза айы 1950 жылы маусымда басталып, 16 шілдеге дейін жалғасты. Ауылдық жерлерде ораза айы діни салтанаттылығы жағынан Павлодар қаласына қарағанда соншалықты төмен өтті. «Ораза байрамы» мейрамы да (1950жылы, 16 шілде) ауылдық жерлерде елеусіз болды. Бұл туралы аудандық атқару комитеттері хабарлады. Ал Павлодар қаласында мешіт бар болғандықтан, ораза айы мен «Ораза байрамы» өте қызу етті. «Ораза байрамы» күні қоғамдық намазға (айт намазы) өткен жылы 200-дай адам жиылса, биыл үш мың адамға жуықтады. Жұма күндері намазға өткен жылы 200-300–дей адам болса, биыл 300-350-ден асты. Кешкі намазға өткен жылы 30-40 адам жиналса, биыл 100-150-ге жетті. Діндарлардан өткен жылы 12594 сом ақша жиналса, биыл 16933 сом қаржы жиналды. 1950 жылы 20 желтоқсанда Павлодар мешітінде діндарлар «Мәуліт» пайғамбар Мұхаммедтің туған айын атап өтті. Бұл туралы аудандық атқару комитеттері хабарлады. Діндарлардың осылайша белсенділік танытуының себебі неде? Менің пайымымша, Құлмағамбетов Рахметолла молда (имам) өзінің жүмыс істеу кезінде, яғни 1949 жылғы қазан айынан бастап діндарларды сиқырлы сөздерімен арбап, өз жағына бірсыпыра қаратып алды. Біздің байқауымызша, діни қозғалыс жылдан жылға бәсеңсіп (енжар болу) келеді. Діни мейрамдарды сақтайтын, ораза ұстайтын халық саны азайды. Дегенмен, Павлодар мешітінің және оның молдасы (имамы) Құлмағамбетов Рахметолланың жұртшылық арасындағы беделі туралы айтпай кетуге болмайды. Мәселен, 1950 жылға дейін (1949 жылы 19 қыркүйек) ол кезде Бектасов мешіт молдасы болды, діндарлар арасында мешіттің беделі жылдан-жылға түсе бастады. Сол кездe діндарлар арасында жікшілдік пайда болды. Ал 1950 жылы (1949 жыл 10 қазан) Құлмағамбетов Рахметолланың молдалыққа (имам) тағайындалуына байланысты діндарлар мешітті материалдық жағынан қолдай бастады. Ал Құлмағамбетов (имам) болса, діндарларды сиқырлы сөздерімен арбап алды. Құлмағамбетов молда, басқа оның барлық қызметкерлері, тіпті күзетшіге (Тәшев) дейін халық арасында діни сезім себеді» деп баяндайды ақпараттық есебінде КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы дінге табынушылар істері жөніндегі кеңестің Павлодар облысы бойынша уәкілі Қ.Машрапов. («Ертістің Павлодар өңіріндегі ислам тарихынан» Кітабынан. Павлодар қаласы, «ЭКО».Ғ8Ф. гот Ж) Осы бір шағын деректен-ақ, Рахметолла хазіреттің рухы биік, халық арасында беделі зор, жұртшылықтың сүйіктісі болғанын айқын аңғаруға болады. Шынында да, Рахметолла хазірет ақыл-парасатымен, терең діни білімімен, шешен де дуалы сөзімен, ғибратты іс-әрекетімен, дін жолындағы қайтпас қайсарлығымен жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, сеніміне ие болған діни тұлға болды. Бижан мешітінде үзіліссіз, өмірінің ақырына дейін отыз жылдай имам болғанда ол әрқашан абырой биігінен көрініп, жұртшылықтың құрметіне бөленіп өтті.

Таңдаулы ғалымдардың бірі еді

1972-1973 жыпдары Рахметолла имам мертігіп, жамбасы сынып, жүре алмай жатып қалады. Сол кезде ақсақалдар оның үйіне барып «Рахметолла хазірет, сенсіз мешітіміз жетімсіреп қалды. Кілемге салып, көтеріп апарып, көтеріп әкелеміз, жүріңіз», - дейді. Біраз уақыт ақсақалдар Рахметолланы осылай әкетіп, апарып тұрады. Халық оның ұлағатты сөздерін тыңдаудан еш жалықпайды. Халықтан, мешіттен қол үзбес үшін Рахметолла хазірет мешіттің дәл жанынан үй сатып алып, балдақпен мешітке күнде барып, жиылған жұртты ғибратты аңыздарымен, нәрлі ақыл-нақылдарымен, нұрлы ойларымен, түпсіз терең діни уағыз-дарымен сусындатады. Рахметолла хазірет Құлмағамбетов 1974 жылы шілде айында сексен тоғыз жасында қайтыс болды. Халқына аса сыйлы болған «Бижан» мешітінің имамын соңғы сапарға шығарып салуға халық көп жиналды. Еліміздің түкпір-түкпірінен дін жолындағы қадірлі адамдар келді. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы өкіл келіп, Мүфтидің көңіл айтқан хатын оқып берді. Онда былай делінген: «Имам Құлмағамбетов Рахметолланың қайтыс болғанына байланысты мұсылмандардың діни басқармасы оның отбасына, ет жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтады. Рахметолла діни қызметкерлер арасында ең таңдаулы ғалымдардың бірі болып еді. Алла бетінен жарылғасын! Мүфти Бабахан. 1974 ж. Ташкент қаласы». Рахметолла хазірет кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде Павлодар өңірінде имандылықтың нұрын сеуіп, дініміздің қасиетін әр адамның жүрегіне жеткізген, сөзімен де, ісімен де, ақыл-парасат, адамгершілігімен де көпке үлгі-өнеге бола білген нағыз діни тұлға болған еді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ. «Павлодар өңірі, Ислам руханиятының тарихы» кітабынан.


Количество показов: 760

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  92

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  98

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  97

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  105

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  91

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  107

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  94

Сенсация!
08:02 24.09.2022  59

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  104

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  179

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  155

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  147

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  176

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  159

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  161

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  171

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  165

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  169

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  180

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  174

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  162

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  172

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  171

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  186

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  260

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  266

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  248

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  269

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  250

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  267

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  243

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  259

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  289

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  378

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  416

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  410

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  378

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  403

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  367

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  375

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  399

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  498

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  445

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  457

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  459

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  506

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  513

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  492

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  516

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  489

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  512

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  484

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  446

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  483

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  487

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  606

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  573

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  584

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  517

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  493