Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
69
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
67
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
91
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
73
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
101
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
106
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
82
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
105
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
113
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
82
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
84
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
109
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
94
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
298
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
345
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
336
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
267
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
251
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
378
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
260
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
360
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
707
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
660
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
646
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
670
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
843
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
610
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
633
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
582
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
666
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
639
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
475
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1061
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
881
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
643
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
592
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
591
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
597
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
607
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
546
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
618
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
811
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
591
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
468
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
608
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
635
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
567
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2922
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2868
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2828
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2926
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2997
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2726
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2724
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2848
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778
Ел ордасы Астанада, Мемлекеттік басқару академиясында алғаш рет еліміздің әр өңірінен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін оқытуға арналған семинар өткізілді. Онда Орталық сайлау комиссиясының өкілдері алдағы Президент сайлауын өткізуге қатысты заңнамалық өзгерістер мен талаптар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жалпы, сайлау процесі әркезде күрделі іс-шара болып есептеледі. Қазақстан да демократиялық жолға түскендіктен әр уақыт сайын заңнамалық жетілдірулер болып тұрады. Оның ішіне қаржыландыру мәселесінен бөлек, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын газет-теледидар, интернет сайттар мен радио эфирінде жариялауға байланысты да бірқатар жаңашылдықтар бар. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Викторович Петровтың мәлімдеуінше, сайлау іс-шара-ларының өткізу мерзімін ОСК өзі белгілейді. Мәселен, биылғы Президент сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша күнтізбелік іс-шаралар жоспарын 22 қыркүйекте бекітті. Оған сәйкес, 23 қыркүйектен 11 қазанға дейін (жалпы алғанда 19 күн) – кандидаттарды ұсыну, 23 қыркүйектен бастап 21 қазанға дейін (жалпы 29 күн) кандидаттардың Конституция мен заң талаптарына сәйкестігін анықтау, қолдарды жинау және тексеру мерзімі, одан соң 21 қазан сағат 18.00-ден бастап – 18 қарашаға дейін (ұзақтығы 28 күн) сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мерзімі болып есептеледі. 19 қараша – тыныштық күні, бұл күні әлдебір кандидаттың үгіт жұмыстарын жүргізуіне рұқсат жоқ. Яғни, сайлаушылар өздері ойланып шешім қабылдауына арналған. 20 қараша Президент сайлауы өтеді, азаматтар учаскелік сайлау комиссияларына барып, таңдауларын жасайды, дауыс береді. Сайлаудың алдын ала қоры-тындысы 21-22 қараша күндері аралығында анықталады. Сайлау қорытындыларын анықтау және сайланған Президентті тіркеу қарашаның 21-інен 27-сіне дейінгі аралықта (7 күн) іске асырылады.
Үгіт үш негізгі тәсіл арқылы жүргізіледі. Біріншісі – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің жүздесулері, баспа және аудиовизуалды, өзге де үгіт материалдарын шығару. Алғашқы екеуінің мәнісі түсінікті болса, үшіншісіне әртүрлі плакаттар, баннерлар, буклеттер, т.б. жатады. Бұл жерде кездесулер өткізу үшін жергілікті атқарушы билік пен сайлау учаскелерінің кандидаттарға теңдей мүмкіндік беру мәселелері барлығы заңнамада әбден жіті жазылған. Бұл жерде бізді үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі көбірек қызықтырады. Себебі, демократиясы төрге озған шет елдердің өздерінде осы науқан барысында бірқатар шу шығып, кандидаттардың басы бәлеге қалып жатады. Әрине, барлығын заңмен жазып-сызып қоюға болады. Дегенмен кейде оның шеңберіне сыймайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, шетелдік телеарнада бірнеше кандидат туралы айтқанда, арасынан тележүргізуші тек біреуінің есімі аталған кезде көзі мен жүзі айрықша күлімдеп, арты біраз у-шуға ұласқаны бар. Сондықтан, үгіт-насихат барысында атқарушы билікке де, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де барынша абай әрі ұстамды болуға тура келеді.
Ендігі жерде сайлаушылардың тізімдерін ұсыну тәртібіне ойыссақ. Талап бойынша, сайлау күніне 20 күн қалғанда, яғни 30 қыркүйекке дейін әрбір сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімін акт бойынша аумақтық және учаскелік комиссияларға ұсынады 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚР сайлаушыларының бірыңғай электрондық тізімінде 11 млн 827 мың 277 азамат бар. Олардың қатарындағы өзгерістер анықталып, толықтырылады. Бұл жерде, К.Петровтың айтуынша, бірқатар базалық деректерде сәйкес келмейтін жайттар бар. Мысалға, кейбір адамның нақты тұратын орны мен тіркеуге алынған мекенжайы әртүрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ тіркелген емханасының да адресі өзге жерде болып жатады. Өкінішке қарай, қаншалықты цифрландыруға көшіп жатқанымызбен, әлі де болса, осы мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Цифрландыруға жауапты министрлік өкілдері алдағы уақытта ЭЦҚ арқылы жеке кабинетіне кірген адамнан сұрау салу арқылы («Сіздің тіркелген жеріңіз осы ма? Қайсы мәлімет қате?» деген сынды) түзету енгізу мүмкіндігін ашады. Бірақ оған қол жеткенше кемінде жарты жыл уақыт керек екен. ОСК мүшелері негізінен сайлаушылардың жеке басының жауапкершілігіне сенім артады. Айтпақшы, биылғы сайлауда да электрондық жеке куәліктер арқылы сайлау мүмкіндігі болмайды. Себебі, ол үшін арнайы «оқитын» құрылғы болуы керек.
Айтқандай, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі – көптің көзіне бірден түсетін, аса бір «кірпияз» мәселе. Барлығы заң аясынан шықпауы керек. Бұл талапқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бағынышты. ҚР Президентінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі туралы ҚР Орталық сайлау комитетінің мүшесі Шегорцова Анастасия Геннадьевна айтып берді. Оның сөзінше, үгіт-насихат материалының нақты айқындаушы белгілері бар.
Олар төртеу:
1. Белгілі бір кандидатқа дауыс беруге (қарсы болуға) шақыру;
2. Кез келген кандидат туралы жағымды көзқарас көрсету
3. Кандидатты сайлаған (сай-
ламаған) жағдайда оның салдары туралы суреттеу
4. Әлдебір кандидат туралы асыра жағымды немесе жағым-
сыз пікірлерге сүйене отырып мәліметтер беру.
Турасын айтқанда, сайлау науқаны кезеңінде де БАҚ өзінің негізгі қағидаларына берік болуы шарт. Олар: объективтілік, заңдылық, сенімді ақпарат беру, жеке өмірі мен абыройын, адамның құқығын құрметтеу. Бұл ретте «қара пиар» жасау, ұлтаралық, дінаралық кикілжіңге бастайтын дау-дамайларға жол бермеу, кандидаттардың бірін-бірі қаралауын болдырмау сынды принциптер қатаң ұсталуы керек. Кандидаттардың мұндай заңнамалық талаптарға қайшы келетін материалдарын баспауға редакция толық құқылы. Бұл үшін кандидатқа немесе сенімді өкіліне, аумақтық сайлау комиссиясына үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тартудың негізгі себептерін атай отыра жауап жіберуі керек. БАҚ басшылары сайлау материалдарын жариялаудың ақысы туралы мөлшерлі бағаларды уақытылы бекітіп, аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтуге міндетті. Үгіт-насихат материалдарын жариялайтын БАҚ тізімі ОСК сайтында жарияланады. Жалпы, ОСК өзінің сайты арқылы, БАҚ-тар, телеграм каналы арқылы жұртшылыққа барынша ашық болуды көздеп отыр. Сондай жариялылық пен кәсібилікті облыстардағы аумақтық сайлау комиссияларынан да талап етілетіні айтылды. Жасыратыны жоқ, облыстық аумақтық сайлау комиссиялары журналистердің сұраныстарына жедел жауап бермей жатады, Дауыс берудің аралық нәтижелері туралы да Орталық нұсқау бермейінше жария-ламайды, жұмған аузын ашпайды. Бұндай көріністі соңғы референдум барысында біздің редакция нақты бастан кешірген болатын. Ендігі жерде ОСК мүшелері аумақтық өңірлік комиссиялар неғұрлым ашық болады деп сендіріп отыр. Жалпы кандидаттарға телеарнадан сөйлеуге 15 минут, радиодан шығуға 10 минут уақыт беріледі. Сондай-ақ, газеттерге және желілік басылымдарға жалпы көлемі 0,1 баспа беті болатын көлемде 2 материал басуға мүмкіндік ұсынылады. Барлық кандидатқа теңдей жағдай жасалады. Газеттер материалдарды біркелкі таралыммен (тиражбен) басылатын нөмірлерге орналастырады. Кандидаттардың жариялану кестесі де алдын ала әзірленеді. Ал телеарналарда тәртіп шамалы өзгеше: қай кандидаттың бірінші эфирге шығатыны материалдың ерте ұсынылуына байланысты болады немесе өзара жеребе тартылып анықталады.
Жалпы, егер сайлау кезекті сайлау болып есептелсе, оған үш жылдық бюджетті қалыптастыру барысында алдын ала қаржы қарастырылады. Бірақ кейбір сайлау кезектен тыс болып саналады. Мысалға, биылғы Президент сайлауы – кезектен тыс. Бұл - әртүрлі жағдайға байланысты қабылданатын шара. Біздің қазіргі айтпағымыз – кезектен тыс сайлауды әзірлеуге және өткізуге ақша қайдан табылады? Кезектен тыс сайлау белгі-ленгенде қаржы ҚР Үкіметінің резервінен алынады. Резерв негізгі мынадай қорлардан тұрады: төтенше жағдайлар резерві, табиғи және техногенді апаттарды жою барысында тұрғындардың өмірлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету резерві, шұғыл қажеттілік резерві. Заңнама бойынша облыстардағы аумақтық сайлау комиссия-ларының бюджеттік өтінімдері жинастырылып, негізгі шығынның сметалық жобалары әзірленеді. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, бюджетті жоспарлау және атқару бөлімінің басшысы Гүлназ Бекзатқызы Кембаеваның айтуынша, шамамен алынған смета шығыстарының негізгі үлесі (шамамен 80%) сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-бабының 11-тармағына сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау кезеңіне сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді (төменгі жалақы – 60 мың теңге, ол соманы 3-ке көбейтсе айына кемінде 180 000 теңге). Сондай-ақ, шығындар келесі бағыттар бойынша көзделеді: бюллетеньдер, мүгедек адамдарға арналған трафареттер, полиграфиялық және өзге де өнімдер дайындау (бұл әдістемелік құралдар, ақпараттық плакаттар, стендтер, билбордтар және басқа да қажетті баспа өнімдері); сайлау өткізу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында науқанды ақпараттық сүйемелдеуге жіберіледі. Бұл республикалық телеарналарда, радиода аудио және бейне роликтерді дайындау және прокаттау, ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; сайлау комиссиялары үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлар жасау (байланыс қызметтерімен, жанар-жағармай материалдарымен, көлікпен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, дауыс беруге арналған үй-жайларды жәшіктермен толық жарақтандыру және т.б.). Бұл мемлекеттік қаржыландыру бойынша. Сондай-ақ, мемлекеттік емес қаржыландыру деген де бар. Бұл кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне ғана жұмсалатын, кандидаттың жеке сайлау қоры. Жаңа заң жобасында оған да бірқатар шектеулер мен анықтамалар енгізілген. Мемлекеттік емес қаржылан-дырудан кандидаттың сайлау қорлары қалыптасады. Анықтама бойынша, сайлау қорлары кандидат-тардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан; кандидатқа оны ұсынған респуб-ликаның қоғамдық бірлестігі бөлген қаражаттан құралады; сондай-ақ республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті аударымдарынан құралады. Бұл жерде діни және мемлекеттік органдардың, қайырымдылық мекемелерінің, заңды тұлғалар мен анонимді адамдардың ақша жинауына рұқсат жоқ. Ұсынылып отырған заң жобасы бойынша, ҚР Президентін (Сенат, Мәжіліс депутаттарын) сайлау науқанында сайлау қорына жинақталатын жеке қаражат сомасын, кәсіпорындар мен жеке азаматтардан жиналатын сомалардың шектік көлемін бекіту ұсынылып отыр. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің мәлімдеуінше, Президент сайлауы халықаралық құқықтар аясында өткізілетін болады. Жалпы алғанда, 2002 жылы Кишинев қаласында қабылданған демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандығы стандарттары туралы ТМД қатысушы мемлекеттер қабылдаған Конвенция мен ЕҚЫҰ-ның 1990 жылы Данияның Копенгаген қаласында қабылдаған адами өлшемдер туралы конференция кеңесінде қабылданған құжаттарда негізге алынады. Айтпақшы, биыл мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беру жағдайын жасауға баса мән берілуде. Бұл ретте, арбамен жүретін, құлағы нашар еститін және көзі нашар көретін зағип жандардың сұраныстары ескеріледі. Бұл бойынша бақылаудың барлық өңірлерде іске асырылатыны туралы республикалық «Қазақстан Саңыраулар қоғамы» бірлестігінің төрағасы Сайлаугүл Омарханова мәлім етті. Жалпы алғанда, Орталық сайлау комиссиясы биылғы Президент сайлауын заңнамалық тұрғыда еш кемшіліксіз өткізуге бейілді. Ендігі басты мәселе – сіз бен біздің азамат ретінде дауыс беру процесіне белсенді қатысуымыз қажет екені мәлім. Бұл туралы тағы да жеке мақалада сөз ететін боламыз.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ,
Астана қаласы.
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
69
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
67
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
91
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
73
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
101
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
106
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
82
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
105
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
113
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
82
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
84
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
109
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
94
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
298
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
345
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
336
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
267
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
251
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
378
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
260
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
360
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
707
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
660
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
646
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
670
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
843
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
610
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
633
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
582
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
666
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
639
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
475
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1061
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
881
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
643
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
592
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
378
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
591
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
514
11 медаль!
11:05 24.01.2023
597
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
607
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
546
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
618
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
811
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
591
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
468
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
608
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
635
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
567
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2922
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2813
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2780
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2868
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2828
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2926
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2997
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2726
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2724
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2848
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2778