«Шұғада туған - шын бақыт!»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  607

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

«Шұғада туған -  шын бақыт!» 13.09.2022

«Шұғада туған - шын бақыт!»

Шалғайда орналасқан Шұға ауылында дәл осындай атаумен ауқымды іс-шара өтті. Бұл күні шұғалықтар ауылдың жаңа стеласын салтанатты түрде ашып, дүйім жұртшылықтан сүйінші сұрады. 

Алыстан менмұндалап тұратын жаңа стеланы ауыл азаматтары өз күшімен жасағанын атап өту керек. Идея авторы – Мақсұт Секенов. Ал жаңа стеланың сызбасын жергілікті тұрғын Әкімбек Ержанов жасады. Әріптерді темірден ойып, дәнекерлеген – Нариман Аханов. Кәсіби түрде сырлау жұмыстарымен Дарын Мейрамов айналысқан. Сәуір айында басталған игі бастама тамыз айының соңында ойдағыдай аяқталды. 
Стеланы ашу бақыты ауылдың ақсақалдары Тоқтыбай Уәлиханов пен Тұрсынтай Шілтібаевқа, сондай-ақ биыл мектеп табалдырығын аттаған Балым Ерланқызы мен Досымжан Манатұлына бұйырды. 
Шұғалықтардың қуанышына ортақтасқан Жолболды ауылдық окургінің әкімі Хамит Ахтановтың айтуынша, ауыл тұрғындарының ортақ іске жұмылуы - өзгелерге үлгі боларлық өнеге. Әкім Шұға жастарының Ақтоғай ауданының қоғамдық, спорттық және мәдени өміріне белсене араласып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте ол аударыспақтан облыс чемпионатында күміс жүлдегер атанған Рысқұл Қазыкен мен ұлттық спорттың дамуына үлес қосып келе жатқан Азамат Мәуеновті марапаттап, сый-құрмет көрсетті. 
Карта.jpg
– Қазір тойдың дені қалада өтетін болды ғой. Ауылға көп жағдайда өлім-жітімге ғана барады екенбіз. Әрине, туған топыраққа жаназа мен құдайы асқа емес, тойға жиналғанның жөні бөлек. Сондықтан биыл ауыл азаматтары Шұғаның кәрі-жасына ортақ бір шара ұйымдастыру жағын ойластырған еді. Оған «сылтау» да табыла кетті. Ауылдың кіреберісіндегі жазу ескірген екен. «Ендеше алыстан менмұндалап тұратын стела орнатайық» деген идея тасталды ортаға. Бұл осы жылдың сәуірі болатын. Міне, 28 тамызда осыдан бес ай бұрын басталған жұмыстың нәтижесін көріп, иықтан ауыр жүк түсті. Стеламызды салтанатты түрде ашып, ауылдың ойдағы-қырдағы кәрі-жасын тегіс жинап, ұлан-асыр болмаса да, жас ұрпақ өнеге алар іс-шара ұйымдастырылды. Бір атап өтерлігі, бұл іс-шараға әу бастан сырттан адам тартпауға келіскенбіз. Солай болды да. Стеланың сызбасын ба, сұлбасын да, сырлауын да өзіміздің жігіттер атқарды. Әйтпесе, дәл осындай жұмыстармен айналысып жүрген шеберлерді жалдауға болатын еді. Стеланың дайын үлгілерін таңдай салуға да мүмкіндік бар еді. Біз сәл қиындау жолды таңдадық және мұнымыз өте дұрыс болған секілді. Салтанатты концертте де өзіміздің өнерпаздар ғана өнер көрсетті, – дейді іс-шараны ұйымдастырушы Ербол Дүйсенов.  Ардагер ұстаз Сираж Ахметжанов бұл күнгі шараның неліктен «Шұғада туған – шын бақыт!» деп аталғанына тоқталды. 
– Әрине, «Шежірелі Шұға», «Шұғылалы Шұға», «Шырайлы Шұға» деген атауларды да қоюға болар еді. Бірақ біз шамалы кеңірек қамтиық әрі ел азаматтарының бойында мақтаныш сезімін оятайық деген ниетті ұстандық. Шын мәнінде, «Шұғада туған» деген – үлкен статус. Мұндай мәртебе Шұға топырағында өсіп-өнгендерге ғана беріледі. Бұл пешенемізге жазылған десек те болар. Сондықтан өле-өлгенше өмірбаянамызда «Шұғада туған», «Шұғада тұрған», «Шұғада оқыған», «Шұғада еңбек еткен» деген қосымша сөздер қатар жүреді. Түптеп келгенде, осының бәрі «Шұғада туған» деген бір ұғымға сыйып тұр. Ендеше, бұл шын бақыт емей немене?! – дейді ардагер ұстаз.  Ұйымдастырушылар бұл іс-шара үлкен той алдындағы дайындық екенін еске салды. Өйткені, ауыл тұрғындары алдағы уақытта бұдан да ауқымды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. 
садақ ату.jpg
– Ауылымыздың қай уақыттан бері Шұға аталғаны, неге олай аталғаны туралы нақты дерек жоқ. Үлкендердің айтуымен жеткен болжам ғана бар. Олардың айтуынша, ертеде бұл төңіректе Шұға есімді парасатты бәйбіше болыпты. Соның құрметіне аталған екен. Қысқасы, ресми дерек жоқ. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін биыл Павлодар облысының мемлекеттік архивінде жұмыс істедік. 
Архив деректерінен ұққанымыз, ауылымыз әр жылдары Жалғыз құдық және 10-шы ауыл деп аталған екен. Қазіргі атауы – Шұға. Ескірген екі картадан «Шога», «Шега» деген атауды кездестірдік. Орыстар тілі келмеген соң Шұғаны «Шога», «Шега» деп жазған секілді. Бірінші карта «Карта Павлодарского округа» деп аталады. 1920 жылғы екен. Біздің ауылдың қазіргі территориясы «Урочище Шега» деп көрсетілген. Екінші карта 1931 жылы құрастырылған. Бұл карта «Схематический чертеж обследований территори труд. сектора 9 и 10 аулсоветов» деп аталады. Бұдан кейін біздің ауыл туралы деректер сақталған ескі папка қолымызға тиді. Мұқабасында «Материалы на землеустроиству селхозартели «Шога» 10-го аулсовета Кызыл-Агачского района за 1929 год» деп жазылған. Бұл папкада ауылда өткен жиындардың хаттамалары, отбасылардың тізімі бар. Төте жазумен жазылған парақтар да жүр. 1929 жылғы 13 шілдеде әзірленген отбасылық тізім бар. Оның сыртында «Посемейный список граждан с/х артели «Шога» округа Павлодарского района Кзыл-Агачевского быв. Волости Ак-кульской аула №10» деп жазылған. Онда есімдері аталған адамдардың біразының ұрпақтары қазір ауылда тұрып жатыр. 
Қысқасы, біздің ауылдың қай уақыттан бері Шұға аталғаны туралы дерек кездеспеді. Ал картадағы деректерге сүйенсек, Шұға деген атаудың берілгеніне 100 жылдан асып кеткен сыңайлы. Бір жағынан ауылдың аты Шұға болмауы да мүмкін-ау деген ой келді. Өйткені, қазақтардың әйел есімін жер-су атауына беруі сирек кездеседі ғой. Осындай да бір ой жылт етті. Шұға – матаның бір түрі. Орысшасы – сукно. Бильярд столындағы жасыл матаны шұға дейді. Осы орайда, бізге қолғабыс жасаған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және Павлодар облыстық мемлекеттік архивінің басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз, – дейді журналист Фархат Әміренов.  Бұл күні Шұға ауылында көкпар, дәстүрлі садақ ату, қошқар көтеру, арқан тарту, гір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қошқар көтеруде баянауылдық Әділхан Қабылда жеңіске жетсе, гір тасын көтеруде шұғалық Азамат Мәуеновке тең келер ешкім болмады. Көкпар додасында Ақкөл ауылының командасы жеңіске жетті. Екінші орын Жолболды жігіттеріне бұйырса, үштікті Шұға командасы түйіндеді.  Жиналған жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда жергілікті өнерпаздар ғана өнер көрсетті. Сонымен қатар аруақтарға құран бағышталып, ас берілді. Ауыл халқы тамаша тойдан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 

Бәтима УӘЛИХАНОВА, Шұға ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Шұға ауылы, Ақтоғай ауданы. 


Количество показов: 518

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  180

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  173

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  172

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  458

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  507

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494