Шорман биге белгітас қойылды

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494

Шорман биге  белгітас қойылды 30.07.2022

Шорман биге белгітас қойылды

Ереймен жеріндегі Шорман жайлауында Қаржас-Мырзағұл ұрпақтары Баянауыл дуанының аға сұлтаны Шорман би Күшікұлының басына белгітас орнатып, ас берді.

Қазақ даласының қай пұшпағына барсаң да, өткеннен сыр шертетін көне жәдігерлерге, ескерткіш-белгілерге, кесене-мазарларға кез боласың. Осылардың барлығы – халқымыздың өткен тарихынан хабар беретін дүниелер. Дәл осындай шежірелі өңірлердің бірі – Ерейментау жері. Бұл далада қазақ тарихында аттары белгілі талай-талай арыстар, тарихи тұлғалар мәңгілік мекен тауып жатыр. Рухы Ерейментау жерінде тыныс тапқан орны бөлек жақсылардың бірі – ХIХ ғасырдағы белгілі қоғам қайраткері, аузы дуалы би, Баянауыл сыртқы округінің заседателі, аға сұлтаны болған Шорман би Күшікұлы. «49 жасында Ерейменннің сыртындағы жайлауына барып, өмірден өтіпті» деп жазады Мәшһүр Жүсіп. Шындығында да Ерейменнің сырт жағында, Шорман Қарасуы деп аталатын өзеншенің жағасында, Шорман жайлауында ескі қорымда атақты бидің мүрдесі жатыр. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы Сайлау Байбосынның айтуынша, бұған екі дәлел бар. Біріншісі: бұл ара сонау кеңес заманынан бүгінгі күнге дейін «Шорман жайлауы», «Шорман өзені» деп аталады. Екінші дәлел: қолымызда патша замынында жасалған карта бар. Осы картада «Могила Едигей» (Едігенің зираты), «Могила Черман» (Шорманның зираты) деп ап-анық көрсетілген. Осы тұста әңгімемізге арқау болған Шорман бабамыздың арғы атасы – Мырзағұл батырды таныстырып өтелік. «Арғы атасы сұралса, ізгі өткен Мырзағұл, Анайды, Қаржастың қасқа-жайсаңы Анайдан өрбіп тарайды», деген екен Мәшһүр Жүсіп бабамыз шежіресінде. Анайдан 5 бала – Нияз, Мырзағұл, Құл, Құдайкұл және Жәдігер туған. Шорман әулетінің атасы Мырзағұл болса, Сәтбай әулетінің атасы Жәдігер болып келеді. Мырзағұл батырдан Шорман би, одан Шоқанның анасы Зейнеп, Мұса мырза Шормановтар тарайды. Мырзағұл батыр бір шайқаста жау қолына түсіп, оның артынан 14 жасар кенже інісі Жәдігер іздеп барса керек. Баланың ержүректігіне риза болған қалмақтар ағасын босатып, жас Жәдігерге қыздарын қосып берген екен. Мырзағұл батырдың денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Бір тасты қоя салу деген айтуға оңай болғанымен, іс жүзінде қаншалықты қиын екенін көзіміз көрді. Топта отырып елге ақыл айту, пікір білдіріп қолпаштау бар да, шаруаның жөн-жобасын білу, қолмен атқару бір басқа. Қолға алынған шаруаға негізінен екібастұздық кенші Қайыржан Қияшев жетекшілік жасап, бас-көз болды. Ағамыз көбінесе Баянауыл мен Екібастұздың ортасында жүрді, Ереймен жеріне бірнеше рет барып қайтты. Қоршалатын аумақты өлшеу, қоршау жасайтын маманмен келіссөз жүргізу, тағы басқа көпшілік түсіне бермейтін күрделі жұмысты Қайыржан аға арқалады. Ал інілеріне ақыл-кеңес беру, қаражат жинауды ширатуда Ілдебай Мұрсалов аға белсенділік танытты. Жұмыстың ауқымды бөлігін Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округіндегі «НұрАli» cеріктестігінің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, елге белгілі азамат Бегім Әкімов атқарғанын ерекше атап өткім келеді. Бегім Серікұлының белгітасты орнатуда, қоршау орнатып, оны сылап-сырлауда атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Қажетті техникамен қамтуының өзі - бөлек әңгіме. Асты ұйымдастыру жұмыстарының да бір парасы осы азаматтың еншісінде болды. Баянауылдан ескерткішке лайықты тасты тауып, мәтінін жаздыртқан соң оны қорымға жеткізу мәселесі туындады. Бұл шаруаны баянауылдық кәсіпкер Орал Сартаев атқарды. Осы тұста тас мәтінін Алтынбек Нухұлы ағамыз жазғанын да айтып өтудің реті келіп тұр. Жалпы, түрлі келіссөздер, көзге көрінбейтін ұйымдастыру шараларының басы-қасынан Ыдырыс молданың ұрпақтары – Сейсенбек Ыдырысов, Айбат Ыдырысов, Мұсабек Сейсенбекұлы, сонымен қатар, Мұрат Қопабаев табылғанын атап өту ләзім. Ардақ Сарбасов ұйымдастыру шаруасына көмек-тесіп, асқа қосымша қаржылай демеушілік жасады. Өзге де аты аталмаған атпал азаматтардың көмегі мен ісіне ризамыз. Жалпы, игі шараның өз деңгейінде өтуіне Баянауыл ауданы және Ерейментау ауданы әкімдіктері, ереймендік елжанды азаматтар, Баянауыл, Ерейментау, Қарағанды қаржастары атсалысты. Дүбірлі жиынның көркін республикалық айтыс кіргізді десек, оны ұйымдастыру жүгін «алтын домбыралы» ақын Аспанбек Шұғатаев көтерді. Ақын, журналист Еламан Қабділәшім айтысты жүргізді. Шарада белгілі өнерпаз Жәнібек сал Мәліков «Баянауыл вальсін» әуелетті. Шорман би Күшікұлы жатқан қорымға үш тас қойылды, қосалқы екі белгітастың біріне Шорман өзенінің атауына қатысты қысқаша сипаттама жазылса, үшіншісі – бабамыздың тікелей ұрпағы, полиция полковнигі Ахат Исин орнатқан ескерткіш. Айта кетерлігі, ұйымдастыру шараларына белсенді атсалысқан Ахат Исин бұл асты көре алмады, іс-шара қарсаңында о дүниелік болды. Енді ас беру шарасы шеңберінде ұйымдастырылған сайыстар қорытындысын баяндайық. Сөз сүлейлерінің айтысы жоғары деңгейде өтіп, барлық ақын арнайы жүлделермен марапатталды. Қазақ күресінен өткен балуандар бәсекесінде Шығыс Қазақстаннан келген Ерасыл Қажыбаев бірінші орынды иеленді. Ал додашылар сайысында ерейментаулық Темірбек ата командасы жеңімпаз атанды.

 

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

 


Количество показов: 599

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  100

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  98

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  106

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  108

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  106

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  181

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  156

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  149

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  177

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  162

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  163

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  173

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  166

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  170

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  182

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  176

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  164

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  174

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  173

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  188

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  263

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  268

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  249

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  271

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  269

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  245

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  260

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  291

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  417

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  413

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  406

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  368

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  400

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  500

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  461

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  508

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  495

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  517

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  491

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  515

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  486

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  486

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  488

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  608

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  575

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  586

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  494