Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
314
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
283
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
297
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
352
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
401
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
232
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
262
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
218
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
269
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
260
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
292
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
616
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
472
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
493
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
236
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
238
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
444
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
353
11 медаль!
11:05 24.01.2023
285
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
314
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
305
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
301
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
483
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
359
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
267
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
285
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
295
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
325
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2764
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2663
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2640
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2680
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2598
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2626
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2744
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2603
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2578
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2657
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2614
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2699
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2711
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2682
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2867
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2759
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2831
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2732
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2854
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2975
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2625
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2792
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2849
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2623
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2783
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2660
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2963
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2856
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2855
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2882
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2893
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3108
Өткен аптада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдасты-руымен «Astana Media Week – 2022» форумы өтті. Маңызды медиа апталыққа еліміздегі газет, теле-радио және интернет платформаларында жұмыс істейтін 2 мыңнан астам журналист пен 150-ден аса отандық және шетелдік топ-менеджерлер жиналып, заманауи саяси коммуникация мен ақпарат құралдары саласындағы соңғы тәжірибелерімен бөлісті.
«Astana Media Week – 2022» қазақстандық медиа апталығы Орталық Азия аумағындағы ең ірі оқиғаның біріне айналды. Ұйымдастырушылар кең форматты шараның өңірлік коммуникацияны, әріптестік қатынастарды және медиа саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға серпін беретініне кәміл сенімді. Жаhандық жиынның басты ұстанымы - жаңа замандағы кәсібилік, сенім және үздіксіз даму. Медиафорумның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі төртінші билік өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, министр қазақстандық және шетелдік медиа сарапшы-лардың басын қосқан аталмыш шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хат жолдағанын айтып, Президенттің ыстық ықыласын жеткізді.
- «Astana Media Week – ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы рөлі мен әлеуетін айшықтауға арналған ауқымды диалог алаңы. Әлемдік дәстүрлі медиа мамандары, халықаралық сарапшылар қатысатын коммуникация саласындағы кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасулар отандық медианың дамуына тың серпін береді», - деп баға берді Президент медиа апталық жұмысына. Сондай-ақ құттықтауда: «Ақпарат саласы азаматтық қоғамның қалыптасуына ерекше үлес қосып келеді. Азаматтар өз пікірін еркін жеткізіп, журналистер қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтады. Бұл - елімізде әділетті қоғамды құруға септігін тигізетін маңызды үрдіс», - делінген. Үш күнге созылған медиафорумда әрқилы мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды, сондай-ақ, шетелден келген медиа-магнаттармен шеберлік сабақтары өткізілді. Атап айтсақ, медиафорумның алғашқы күнінде келушілерге «контент-маркет» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл — медиа-контентке тапсырыс берушілер, ірі телевизия және радиокомпаниялар мен продакшн-студия, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар, ақпарат саласындағы авторлық жобалар, ойын-сауық, музыка және кино сияқты өндірістің жеке нарық өкілдері арасындағы тиімді байланыс алаңы. Көрмеге 15 телевизиялық компания, 50-ден астам продакшн-студиялар және осы саланың басқа да сарапшылары қатысты. Продакшн-студиялар продюсерлік телеарналарға өздерінің жобаларын таныстырып, жаңа телевизиялық бағдарламалар, интернет-жобалар мен өзге де медиаөнімдер туралы баяндама жасады. Продюсерлер тарапынан зор қызығушылыққа ие болған бастамалар Қазақстанның медиакеңістігінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, ауқымды шара медиа контентке тапсырыс берушілердің, өндірістің және жеке нарық өкілдері, ірі телевизиялық және радиокомпаниялар арасында пәрменді диалог алаңын құруға мүмкіндік берді. Өңірлік журналистер үшін Қазақстанның бірінші медиа басшыларымен медиаөндірістің перспективаларын талқылаудан басқа, әртүрлі форматтағы тиімді қатынас, бірқатар мастер-кластар аясында жаңа дағдылар табу және панельді пікірталастарға медиа нарықтың заманауи дамуының ең өзекті мәселелері бойынша қатысу мүмкіндіктері кеңейді. Медиа форумның көздеген тағы бір мақсаты — ел тұрғындарының ақпараттық сауаттылығын арттыру, қоғамның медиа-мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында «META», «TikTok» және «Coursera» секілді белгілі компания өкілдері арнайы шеберлік сабақтарына қатысып, әлемдік трендтер төңірегінде пікір алмасты. «TikTok» Global Business Solutions» компаниясының директоры Анастасия Панина «TikTok» интернет қосымшасы жақын арада толық қазақ тіліне аударылатынын айтты. Сондай-ақ, «DIGITAL LITERACY» шеберлік сыныбында «Meta Namugun Battsengel» компаниясының өкілдері цифрлық сауаттылықтың маңыздылығы туралы айтып, бүгінгі ақпараттық-технология-лардың дамыған заманында бір адым ілгері жүрудің маңыздылығына тоқталды.
- «МЕТА», цифрлық сауаттылық бойынша барлық ақпаратты тегін ала алатын портал әзірледі. Бір қарағанда, цифрлық сауаттылық компьютерге байланысты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл -
гаджеттердің, блогтардың, әлеуметтік желі-лердің, электрондық поштаның және т.б. технологиялары мен негізгі принциптерін тереңірек түсіну дегеннің белгісі. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық Интернеттегі қауіпсіздік, цифрлық көлеңке, кибербуллинг және цифрлық этика сияқты тақырыптарды қамтиды. Мысалы, әлеуметтік желілерде қандай ақпаратпен бөлісуге болады, қайсымен бөлісуге болмайды, алаяқтардың құрбаны болмау жолдары, плагиаттың алдын алу және тағы басқалар, - деді «Meta Namugun Battsengel» компаниясының маманы.
Форумның екінші күні Халықаралық медиақауымдастық өкілдерімен журналист этикасы, медиа мазмұнды тұтыну мәде-
ниеті мен ақпарат таратудың өзгерген форматтары тілге тиек етілді. «Орталық Азия жарнама қауымдастығының» сарапшылары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша жарнамалық медиа нарықтағы ағымдағы жағдаймен бөлісті. Мамандар теледидар, радио, диджитал, сыртқы жарнама ұйымдарына коммуникациялардың жаңа әдіс-тәсілдерін айтып, даму мен трендтер бойынша өз болжамдарын жасады. Жиын барысында ««YouTube» монетизация және платформада табыс табудың қосымша құралдары» деген тақырыпта «Хабар» телеарнасы интернет жобалар департаментінің директоры Мөлдір Бақыт қазіргі нарықтық заманда журналистер ақпарат таратудың жан-жақты тәсілін қолдануы керектігін айтты.
- Қазақстанда «YouTube»-ті айына 13 млн, аптасына 10 млн көрермен, күніне 6 млн бірегей қолданушысы қарайды. Жарнама берушілер мұны «TV» аудиториямен салыстырып көрген шығар. Прайм-таймда елдегі барлық телеарналарды көретін аудитория 2,8-3 млн адам. Бір арнаны шамамен 450 мың адам қарайды. Қазақстандықтар айына «YouTube»-тан 1 млрд видео көреді. Негізгі тұтынушы 25-34 аралығындағылар.
51 пайызы - ерлер, 49 пайызы - әйелдер. Отандық телеарналар ішінде «Хабар» - үздік үштікте. Бірнеше парағы бар. Басты параққа 2 млн 950 мың адам тіркелген. Былтыр «Хабар» телеарнасы «YouTube»-тан 220 мың доллар табыс тапқан. Бұдан бөлек, телеарнаға келген жарнама берушілерді «YouTube»-қа бағыттап, одан қосымша 20 млн-ға жуық кіріс кірген. Осы тұста назар аударатын нәрсе, күнделікті «YouTube»-қа «Хабар» 40-45 видео, «Хабар 24» 135-145 видео жүктейді. Жұмыс ауқымын бағамдай беріңіз, - деді Мөлдір Бақыт. Бұдан бөлек, бұл күні «Журналистердің кәсіби құзыретінің өзгеруі» тақырыбындағы панельдік сессия өтті. Алқалы жиынға бірнеше тележобаның авторы және жүргізушісі, тележурналист Асхат Садырбай қатысып, журналистер қауымының кәсі-билігіне, қызметтің өзектілігіне қатысты өз пікірін білдірді.
- Күн санап дамып жатқан технологияның, жасанды интеллектінің уақытында кәсіби журналистің рөлі зор, қызметі өте маңызды. Себебі, журналист ақпарат таратушы ғана емес. Журналист - ақпарат жинаушы, өңдеуші, талдап, сараптама жасағаннан кейін ғана ақпаратты таратушы. Ақпарат дәуірінде ақпаратты сұрыптау, талдау өте маңызды. Ол тек кәсіби маманның, адамның ғана қолынан келетіні анық, - деді ол.
Медиа шараның үшінші күні өңірлік журналистикаға, баспасөз құралдарына арналды. Бұл күнгі жиын барысында ұлттық БАҚ-тағы мерзімді басылым нарығының даму жолдары туралы пікірлер айтылып, қиындықтардан өту кезеңі мен жаңа конвергенттік формаға көшу деңгейі сөз етілді. Сондай-ақ, өңірлік БАҚ-тың бүгінгі ахуалы, проблемалары мен жаңа технлогияларды игеруі, өңірлік халықтың ақпаратпен қамтамасыз етілу үрдісі талқыланды. «Egemen Qazaqstan» газеті бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов баспасөз басылымдарының дамуы туралы сөз қозғап, бүгінгі баспасөз қызметі интернет ресурстарын да тиімді пайдалана білу керектігін айтты.
- Газет артта қалғысы келсе, міндетті түрде жаңа медиамен бірлесіп қана өмір сүре алады. Оған көзіміз жетті. Ол үшін міндетті түрде интернеттің, әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Қандай да бір газет - ол кәдімгідей үлкен бренд. Ол тауарлық марка деп айтуға болады. Соның төңірегінде ақпарат таратуды ары қарай жалғастыра беру керек. «Egemen Qazaqstan», «Айқын», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті» болсын, ол газетті сақтап қалу керек, - деді Қамбар Ахметов. Сондай-ақ, спикер газет оқымайтын адамдар үшін де ақпарат тарату қажет екендігін басып айтты. Ол үшін әрбір баспасөз редакциясы өзінің сайтын дербес ақпарат агенттігі ретінде танытуы керек. Өзінің жеке редакциясын құруы қажет.
- Ол газетке не береді? Ол оқымайтын, газет жетпейтін жерлерге оқырмандарды тартады. Екіншіден, сайттың қаралымы көбейсе, оқырмандары көбейсе, статис-тикасы жақсарса, жарнама берушілер келе бастайды. Оған нақты мысалдар бар. Мәселен, қазіргі күні «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында күніне 50-70 мың қаралым бар. Апта сайын жарнама келіп жатыр. Бұл - бірнеше жылғы жұмыстың нәтижесі, - деді ол. «Үздіксіз даму» деп аталатын медиа апталықтың үшінші күнінде 10-ға жуық тақырып бойынша арнайы панельдік сессиялар, форум, пікірталастар мен мастер-кластар өтті. Қорытынды күнде талқыланатын тақырыптардың басым бөлігі мемлекеттің органдардың баспасөз хатшыларына арналды. ASTANA MEDIA WEEK – 2022 жабылу салтанаты «Үздік баспасөз хатшысы» сыйлығын тапсыру, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттау және баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін «ҮРКЕР» сыйлығын табыстаумен тәмамдалды.
Р.S: «Әрбір ақпаратты берген кезде ұлттық мүдде тұрғысынан ойлауымыз керек!» Бұл - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіттің «Журналистердің кәсіби құзыретінің өзгеруі» атты панельдік сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді. Ұлттық мүдде – БАҚ-пен бірге! Алып-қосарымыз жоқ...
Алтынбек Елемесұлы.
Павлодар-Астана-Павлодар.
Суретті түсірген - Наталья Зинченко.
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
314
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
283
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
297
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
352
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
401
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
232
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
262
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
218
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
269
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
260
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
292
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
616
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
472
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
493
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
236
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
238
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
444
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
353
11 медаль!
11:05 24.01.2023
285
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
314
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
305
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
301
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
483
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
359
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
267
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
285
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
295
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
325
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
2764
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2663
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2640
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
2680
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
2598
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
2626
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
2744
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2603
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2578
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
2657
Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022
2614
Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022
2699
Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022
2711
Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022
2682
Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022
2867
Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022
2759
Сенімім зор
17:06 17.11.2022
2831
Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022
2732
Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022
2854
Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022
2975
Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022
2625
Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022
2792
Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022
2849
Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022
2623
Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022
2783
Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022
2660
Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022
2963
Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022
2856
Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022
2855
Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022
2882
«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022
2893
«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022
3108